ИНТЕРНЕТ АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ: ТҮРКІСТАНДА 1000-ҒА ЖУЫҚ ЖАДЫНАМА ТАРАТЫЛДЫ

Түркістан қаласында интернет алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында полиция қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Онда азаматтарға интернет алаяқтарының кең таралған тәсілдері түсіндіріліп, жеке мәліметтерін, банк картасы мен есепшот деректерін бөгде адамдарға бермеу қажеттігі ескертілді. Сондай-ақ интернет алаяқтықтан сақтану жолдары көрсетілген 1000-ға жуық жадынама таратылды.

Тәртіп сақшылары азаматтарды қырағылық танытып, күмәнді сілтемелерге өтпеуге және бейтаныс адамдардың қаржылық ұсыныстарына сенбеуге шақырады. Алаяқтықтың алдын алудың басты жолы – сақтық пен ақпараттық сауаттылық.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *