«AMANAT»: ШЫМКЕНТ ҚАЛАСЫНАН ДЕЛЕГАТТАР САЙЛАНДЫ

 

  🇰🇿Бүгін Шымкент қаласы мәслихатының депутаты, мәслихаттағы «AMANAT» партиясы фракциясының жетекшісі, партия филиалының атқарушы хатшы орынбасары, саяси кеңес мүшесі ретінде «AMANAT» партиясы Шымкент қалалық филиалының төрағасы, қала әкімі Әйтенов Мұрат Дүйсенбекұлының төрағалығымен партияның аймақтық филиалы Саяси кеңесінің кезектен тыс мәжілісіне қатыстым. 

 📆Күн тәртібінде бір ғана мәселе қаралды. Ол – 2022 жылдың 26 сәуірінде өтетін Съезге Шымкент қаласынан делегаттар сайлау. 

 Отырысқа Шымкент қалалық мәслихат хатшысы Б.Нарымбетов және партия филиалының Саяси кеңесі мүшелері қатысты. Күн тәртібіне сәйкес ашық дауыспен «AMANAT»партиясының кезектен тыс ХХІІI Съезіне 12 делегат сайланды. Делегаттар құрамына партияның Саяси кеңесі мүшелері, партия белсенділері мен жауапты қызметкерлер енді.

 📌Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына арнаған биылғы Жолдауында елімізде жүргізілетін саяси трансформацияның оң бастамасын ұсынған болатын. Бүгінгі таңда «AMANAT» партиясының жұмысын жандандыру бойынша қарқынды жұмыстар атқарылуда. Кезекті Съезд барысында «ADAL» саяси партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы туралы мәселе қаралады деп жоспарлануда. 

 

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий