«AMANAT» партиясы Президент Жолдауын қолдау мақсатында митинг өткізді.

Loading

 

Алматыда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Жолдауында айтылған саяси реформалар бағдарламасын қолдау мақсатында «AMANAT» партиясы қалалық филиалының ұйымдастыруымен митинг өтті.

Шоқан Уәлиханов атындағы алаңда өткен бейбіт шеруге барлық саланың өкілдері қатысты. Олардың ішінде партия және қоғам белсенділерінен бөлек, Мәжіліс депутаттары, кәсіпкерлер, ғылым мен мәдениет саласының өкілдері, спортшылар, жастар және ел ертеңіне бейжай қарамайтын қала тұрғындары бар.

Митингке қатысушылар саяси жүйені кешенді жаңғырту бағдарламасын қолдайтындарын білдіріп, арнайы транспаранттармен келді.

Жиналғандар алдында сөз сөйлеген «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов жаңа сын-қатерлер жағдайында бәріміз бірігіп, Тәуелсіздігімізді қорғау, ата-баба аманатын кейінгі ұрпаққа тұтас жеткізу басты парыз екенін алға тартты.

«Біздің бағытымыз – айқын, мақсатымыз – ортақ. Біз – көзі ашық, көкірегі ояу азаматтарды бірлесіп жұмыс істеуге шақырамыз! Басқа партиялар билікке жетуді көздесе, біз ең әуелі Тәуелсіз Қазақстанның мүддесі үшін жұмыс істейміз! Ардақты ағайын, Абай атамыздан қалған аманат сөз бар: «Біріңді қазақ, бірің дос, Көрмесең істің бәрі бос». Сондықтан, күшіміздің бірлікте екенін көрсетіп, Жаңа Қазақстанды бірге құрайық! Біз біргеміз!», — деді Асхат Оралов.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий