AMANAT партиясы бағдарламалық құжаттарды жаңарту жұмысын бастады

Loading

 

 

Бүгін «AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Саяси тұғырнама, «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» және 2025 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы сияқты негізгі бағдарламалық құжаттарды қысқа мерзімде жаңарту жөніндегі жұмыс топтарымен жиналыс өткізді. 

 

Асхат Оралов 1 наурызда өткен Съезде партия Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партияны жаңғыртудың басымдықтарын, оның ішінде негізгі бағдарламалық құжаттарды қайта қарау бойынша басымдықтарды белгілегенін атап өтті.

 

Осыған орай әрбір бағдарламалық құжат бойынша жеке жұмыс топтары құрылды. 

 

▶️Сонымен, Партияның саяси тұғырнамасын жаңарту жөніндегі жұмыс тобының жетекшісі болып Парламент Мәжілісінің депутаты, «AMANAT» фракциясының мүшесі Айдос Сарым тағайындалды. 

 

▶️2030 жылға дейінгі «Бақуатты қоғам: онжылдықтың 10 мақсаты» бағдарламасын жаңарту жөніндегі жұмыс тобына Мәжіліс депутаты Саясат Нұрбек жетекшілік етеді.

 

▶️2025 жылға дейінгі Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағдарламасы бойынша жұмыс тобының жетекшісі Мәжіліс депутаты Ерлан Саиров болды.

 

Жұмыс топтарының құрамына Парламент Сенаты мен Мәжілісінің депутаттары, партия Саяси кеңесінің мүшелері, сарапшылар қоғамдастығының, үкіметтік емес сектордың өкілдері, уәкілетті мемлекеттік органдар мен «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасының өкілдері енді.

 

«Партияның құндылықтары мен басымдықтары белгіленген Саяси платформа 2013 жылы қабылданды. Жаңартылған құжатта қоғамда қалыптасып жатқан жаңа құндылықтарды айшықтап, азаматтардың өзгерістерге деген барлық сұраныстарын барынша ескеру қажет», — деді партияның Атқарушы хатшысы.

 

🔗Толығырақ: https://amanatpartiasy.kz/news/news-detail/290661?lang=kz

 

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий