
«AMANAT» партиясының республикалық штаб мүшелерінің өңірлердегі кездесулері жалғасуда. Мәжілістегі «AMANAT» партиясының депутаттары сайлаушылармен алдағы референдумның маңыздылығы мен оған енгізілетін өзгерістер мен толықтырулар туралы талқылады.
Депутаттар халықпен әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен Ата заңға өзгерістер мен толықтырулар енгізу жөніндегі республикалық референдум өткізудің маңыздылығына тоқталды. Оның басты мақсаты – нақты саяси бәсекелестік үшін жағдай жасау, халықтың елді басқаруға қатысуын арттыру, қазақстандықтардың құқықтарын қорғаудың конституциялық тетіктерін күшейту.
◽Елордада Мәжілістің вице-спикері Павел Казанцев, депутаттар Лариса Павловец, Саясат Нұрбек және Динара Зәкиева «Астана-Тазалық» компаниясы кәсіпорнының ұжымымен кездесті.
Депутат Лариса Павловец өз сөзінде 5 маусымда өтетін референдумда әрбір қазақстандық елдің табысты болашағын құру жолында нақты атсалысуға мүмкіндік алатынын атап өтті.
«Ұсынылып отырған өзгерістердің маңыздылығын ескере отырып, Қазақстанның болашағын айқындайтын жалпыхалықтық дауыс беру арқылы тарихи шешімдер қабылданады. Ел тағдырына бей-жай қарамайтын әрбір адам өз таңдауын жасап, осы науқанға атсалысуы керек», – деді Мәжіліс депутаты Лариса Павловец.
Сондай-ақ депутаттар еліміздің Ата заңына енгізілетін нақты нормалардың маңыздылығына тоқталды. Атап айтқанда, олар суперпрезиденттік модельден президенттік республикаға түпкілікті көшу, бірқатар билік өкілеттіктерін қайта бөлу, Парламенттің рөлі мен мәртебесін күшейтуді қамтамасыз ету, сайлау жүйесін реформалау мен жаңа саяси партиялардың құрылуы.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Рашкуль Оспаналиева.