
🇰🇿 Бүгін Мемлекет басшысы Қ.К.Тоқаевтың қатысуымен «AMANAT» партиясының ХХІІІ Съезі өтіп, күн тәртібінде «ADAL» саяси партиясының «AMANAT» партиясына қосылуы туралы және «AMANAT» партиясының Саяси кеңесінің құрамына өзгерістер енгізу мәселелері қаралды.
📌«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы А.Оралов партия Президенттің барлық реформаларын жүзеге асыруда алдыңғы қатарда болу керектігін айтып, партияны қайта құру жөніндегі Съез отырысын ашты.
▫️«ADAL» саяси партиясының төрағасы Эльдар Тұрышбайұлы Мемлекет басшысының ауыл әкімдерін сайлау жөніндегі мәселесін қолдап, сайлауға қатысқанын және әр ауылға скрининг жасап «Ауыл табыс көзі» бағдарламасын жасақтағанын айтты.
▫️Мәжіліс депутаты Снежанна Валерьевна екі партияның бірігу процесіне куә болып отырғанын, алдағы реформаларды жүзеге асыру бірлесе жұмыс жасайтынын жеткізді. Жұдырықтай топтасу уақыт талабы. Ұстам ұқсас, мақсат ортақ екенін айтып, ел мүддесі үшін бірлесе жұмыс жасауға шақырды. Парламент Сенатының төрағасы М.Әшімбаев та екі партияның қосылу мәселесін қолдады.
▫️Съез отырысында Мемлекет басшысы бүгіннен бастап «AMANAT» партиясының төрағасы ретіндегі өкілеттігін тоқтатып, партия төрағалығына мәжіліс төрағасы Ерлан Қошановты ұсынды. «AMANAT» партиясының еліміздің саяси өмірінде ерекше орны бар ұйым болып қала беретінін айтып, Президент сайлауында қолдау білдіргені үшін алғыс білдірді.
Съезге қатысқан делегаттар күн тәртібіндегі мәселелерді бірауыздан қолдады.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.