«AMANAT» партиясының жұртшылықпен кездесуі туралы

Loading

 

«AMANAT» партиясының фракция мүшесі, Шымкент қалалық мәслихат депутаты ретінде халықты хабардар ететін болсам.
«AMANAT» партиясының Атқарушы хатшысы Асхат Оралов Батыс Қазақстан облысында партияның сайлауалды бағдарламасының ауылдық елді мекендерде орындалу барысын тексерді. Ал Оралда партия активімен және зиялы қауым өкілдерімен бірқатар кездесулер өткізіп, алдағы референдумның маңызын талқылады.

▶️Теректі ауданы Магистральное ауылының тұрғындары бірнеше жылдан бері елді мекенге кірер жолдың сапасына шағымданып келеді. Бұл мәселе партияның 2021 жылға арналған аудандық сайлауалды бағдарламасын іске асыруға арналған Жол картасына енгізілді. Алайда жергілікті атқарушы орган осы мақсатқа бюджеттен қаражат бөлмеген.

▶️Жергілікті тұрғындармен кездесу барысында Асхат Оралов партияның облыстық филиалы мәслихаттағы «AMANAT» фракциясының депутаттарымен бірлесіп, биылғы бюджетті нақтылау кезінде осы мәселені шешуге қаражат бөлуді қамтамасыз еткенін жеткізді. Жергілікті атқарушы орган өкілдерінің мәліметінше, жыл соңына дейін жолдың 1,8 шақырымы жөнделеді.

▶️Бұдан соң «AMANAT»-тың Атқарушы хатшысы Теректі ауылындағы бір ауысымда 200 адам қабылдайтын аудандық емхананың құрылысымен танысты. Қазір медициналық мекеме орналасқан ғимарат 1972 жылы қонақ үй кешені ретінде пайдалануға берілген.

🔹«Тұрғындардың талап-тілегіне сәйкес, жаңа ғимараттың құрылысы партияның сайлауалды бағдарламасына енгізілген. Бұл әлеуметтік маңызды нысан болғандықтан, Мәжілістегі «AMANAT» фракциясының депутаттары мен Үкімет мүшелері бірлесіп, құрылыстың мерзімі мен сапасын тұрақты бақылауға алады. Ол аяқталғаннан кейін Теректі ауданының 40 мыңға жуық тұрғыны сапалы медициналық қызметке қол жеткізеді»,- деді А. Оралов.

▶️Осы күні Орал қаласында партияның Атқарушы хатшысы Дарынды балаларға арналған №8 облыстық мамандандырылған мектеп ұжымымен және оқушылардың ата-аналарымен кездесті.

2019 жылы мектеп ғимараты апатты деп танылып, оқушылар №37 орта мектепке ауыстырылған. Ата-аналардың айтуынша, бұл жағдай қолайсыздық туғызып, оқу процесіне де кері әсер етіп отыр. Әкімдіктің мәліметі бойынша, өткен жылы ғимаратқа күрделі жөндеу жүргізуге жобалық-сметалық құжаттама әзірленген. Алайда облыстық бюджеттік комиссия өтінімді қолдамады. Бұл мәселе енді партиялық бақылауда және жуық арада шешімін табады.

▶️Оралдағы зиялы қауым өкілдерімен кездесуде Атқарушы хатшы «AMANAT» партиясы Конституцияға енгізілетін өзгерістер мен толықтырулардың маңыздылығын терең түсіне отырып, алдағы референдумды өткізуді толық қолдайтынын атап өтті.

Кездесуге қатысушылар да жалпыхалықтық референдум өткізуді қолдап, аймақ тұрғындарының оған белсенді қатысатынына сенім білдірді.

Өз кезегінде партия ардагері Нұрзия Сисенбаева алдағы референдум ел дамуының жаңа мүмкіндіктеріне жол ашатынын атап өтті.

Сондай-ақ, Орал қаласында «AMANAT» облыстық активінің жиналысы өтіп, онда партияны трансформациялау және жобаларды тиімді жүзеге асыру мәселелері талқыланды. Бүгінде өңірде 26 мыңнан астам аманаттықты біріктіретін 219 бастауыш партия ұйымы жұмыс істейді.

  • Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы.
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий