«AMANAT» партиясында қоғамдық кеңестердің жаңа басшылары таныстырылды

«AMANAT» партиясы жанындағы республикалық қоғамдық кеңестер сайлауалды уәделердің орындалу барысына сапалы және жүйелі мониторинг жүргізумен айналысады. Олардың жиындарын әлеуметтік желілерде тікелей эфирде көрсету жоспарланып отыр.

Еске сала кетейік, кезектен тыс ХХІІ съезде «AMANAT» Төрағасы Қасым-Жомарт Тоқаев партия жанындағы қоғамдық кеңестердің тиімділігін арттыру міндетін қойған еді.

«Қоғамдық кеңестердің бір-бірінің жұмысын қайталауына жол бермеу және жұмыс тиімділігін арттыру мақсатында, Партия Төрағасының келісімімен және Саяси кеңес Бюросының шешімімен олардың саны 14-тен 9-ға дейін қысқартылып, басшылары бекітілді», — деді Атқарушы хатшы Асхат Оралов кеңестердің жаңа төрағаларымен кездесу барысында.

Сонымен, Мемлекеттік басқаруды дамыту және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жөніндегі республикалық қоғамдық кеңесті Ерлан Саиров, Экономика, кәсіпкерлік және аграрлық сектор мәселелері жөніндегі кеңесті – Аманжан Жамалов, Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі кеңесті – Динара Зәкиева, Білім беру және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі кеңесті – Саясат Нұрбек, Азаматтық қоғам мен мәдениетті дамыту жөніндегі «Miras» қоғамдық кеңесін – Аманжол Әлтай, Экологиялық кеңесті – Еділ Жаңбыршин, Өңірлік даму жөніндегі кеңесті – Әмірхан Рахымжанов, Жастарды қолдау жөніндегі кеңесті Елнұр Бейсенбаев басқарады. Ал Партиялық бақылау комитетіне бұрынғысынша Артур Платонов төрағалық етеді.

Кездесу барысында Атқарушы хатшы кеңестер жұмысының жаңа форматын таныстырды. Атап айтқанда, жыл соңында Сайлауалды бағдарламаның нақты индикаторларының орындалмауына қатысты тәуекелдер анықталған жағдайда, мемлекеттік органдардың жауапты басшылары кеңестер отырысында есеп береді.

Сонымен қатар, кеңестер партия Төрағасының тапсырмаларын жемісті жүзеге асыру үшін белсенділер мен сарапшылардың басын қосады.

«Біздің кеңестеріміз партияластардың сеніміне ие белсенді де беделді тұлғаларды тартып, оларды ілгерілету тетігіне айналуға тиіс. XXII Съезде партия Төрағасы, «праймериз барысында партияға белсенді адамдар келіп, партияішілік бәсекелестік пайда болды. Бұл құптарлық жағдай», деген болатын. Сондықтан кеңестердің жұмысына елдің дамуына өз үлесін қосқысы келетін кәсіби мамандарды тарту қажет», — деп атап өтті Асхат Оралов.

🔗Толығырақ: https://amanatpartiasy.kz/news/news-detail/290561?lang=kz

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий