438 га аумаққа 2 индустриялық аймақ қосылады. 

Loading

 

 

 

Импорталмастыруды дамыту мақсатында 438 га аумаққа 2 индустриялық аймақ қосылады. Олар, ірі өнеркәсіп ошақтары орналасатын «Жұлдыз» индустриялық аймағы және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта терең өңдейтін кәсіпорындар шоғырланатын «Бозарық» агро-индустриялық аймағы.

 

Жалпы алаңы 306 га құрайтын жаңа «Жұлдыз» индустриялық аймақтың аумағында машина жасау, фармацевтика, металлургия, жиһаз өнеркәсібі, құрылыс индустриясы және т. б. салаларда 5 мыңға жуық жаңа жұмыс орындарын құра отырып, 200 млрд. теңгеден астам сомаға 50-ден аса ірі инвестициялық жобаны іске асыру күтілуде.

 

Ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта терең өңдейтін жалпы алаңы 132 га құрайтын «Бозарық» тамақ өнеркәсібі индустриялық аймағында биологиялық қоспалары бар құнарлы құрама жем өндіру зауытын және сүт өндіру зауытын салу жобаларын жүзеге асыру, сонымен қатар, шетел инвесторларымен бірлесе сүт, ет, жеміс пен көкөністі қайта өңдейтін, сүрлейтін жобаларды жүзеге асыру жоспарлануда.

 

Импорталмастыру жобаларын дамыту бойынша қала әкімдігі деңгейінде тиісті жұмыстар жүргізілуде және тұрақты бақылауда.

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий