📌«Бюджет қаржысы бір реттік байқауларға емес, балалардың мәселесін шешуге бағытталуы керек» – «AMANAT» фракциясының мүшелері

Loading

Жаңа заң жобасының арқасында ерекше қажеттіліктері бар баланы санаторий-курорттық емдеуге алып баратын ата-аналардың біріне сол жерде тұру және тамақтану шығындары өтеледі. Осы жылды Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев балалар жылы деп жариялаған болатын. Осыған байланысты Үкімет тиісті іс-шаралар жоспарын дайындап, оны «AMANAT» партиясы жанындағы Отбасы және халықты әлеуметтік қорғау мәселелері жөніндегі республикалық қоғамдық кеңес мұқият зерделеді.

◽️Осы жоспарды қарау және балалардың құқын қорғауды қамтамасыз етуге қатысты партияның атқарып жатқан жұмыстары туралы БАҚ өкілдеріне Мәжіліс депутаттары, «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері Динара Зәкиева мен Елнұр Бейсенбаев баспасөз маслихат барысында айтып берді.

▶️Жыл басынан бастап барлық өңірде 147 мың бала тұратын 247 интернатта өмір сүру жағдайын жақсарту және жөндеу жұмыстарын жүргізу жөніндегі жоспарларға қол қойылды. Бұған дейін мұндай шаралар 130 мекемеде қабылданған болатын.

▶️Қиын жағдайға тап болған отбасыларға, әйелдер мен балаларға кешенді көмек көрсету және зорлық-зомбылыққа ұшырау мәселелері бойынша жәрдем беру мақсатында «AMANAT» партиясының жанынан «111 шұғыл қызметі» байланыс орталығы ашылған еді. Оған 25 мыңнан астам өтініш келіп түсті.

▶️«Бақытты отбасы» партиялық жобасы аясында өткен жылы балалар мен отбасыларға көмек көрсетуге бағытталған 6 мыңнан астам іс-шара жүзеге асырылды.

▶️Баспасөз конференциясында халық қалаулылары Үкімет қаулысымен бекітілген Балалар жылын өткізу жөніндегі іс-шаралар жоспарына ерекше назар аударды. Оны іске асыруға 48,3 млрд теңге, оның ішінде 16,7 млрд теңгесі республикалық бюджеттен қарастырылған. Құжатта 50 тармақ бар, олардың көпшілігін депутаттар қайта қарау қажет деп санайды.

◽️«Жоспар шығармашылық байқаулардан, жиындардан, түрлі ұсынымдардан, тіпті балалар лагерлерінде жазғы демалыс маусымын ашудан тұрады. Неге қаражатты барлық балаларды қоғамдық көлікте тегін жүру, мектептерде тегін түскі аспен қамтамасыз ету сияқты жүйелі мәселелерді шешуге бағыттамасқа? Ашығын айтқанда, балалардың құқын қорғау саласындағы уәкілетті орган – Білім және ғылым министрлігінің жұмысы түсініксіз»,- деді Д.Зәкиева.

Сонымен қатар, депутат ақпан айының басында «AMANAT» партиясы фракциясының мүшелері жүйесіз шараларға қажетсіз шығындардың орнына аз қамтылған отбасылардағы әрбір балаға атаулы әлеуметтік көмек мөлшерін 35 мың теңгеге дейін арттыруға, әкімдіктерде қиын жағдайдағы отбасылармен жұмысты ұйымдастыру үшін отбасы істері жөніндегі басқармалар құруды ұсынғанын еске салды. Отбасы институтын нығайту, отбасындағы қолайсыз жағдайдың, балаларға қатыгездік танытудың алдын алу жөніндегі нысаналы индикаторларды өңірлік даму жоспарына енгізу жайында ұсыныс берілді. Бірақ бұл бастамалардың барлығын Үкімет қолдамады.

◽️«Жалпы алғанда, 100 млрд теңгеден астам, әр өңірге 3-тен 32 млрд теңгеге дейін қаражат қарастырылған балалар жылына арналған өңірлік жоспарлар көңіл көншітпейді. Олардың кейбіреулерінде ғана инклюзияны қолдау кабинеттерін, дене шынықтыру-сауықтыру орталықтарын, аутизмі бар балаларға арналған орталықтарды ашу сияқты маңызды іс-шаралар көзделген. Бұл жоспарлардағы маңызды іс-шаралардың үлесі 35%-дан аспайды, ал қалғанының барлығы: «ертегі премьерасы», жаңа жылдық шыршалар, қашықтықтан өткізілетін чемпионаттар, айтыстар, мектептердің ашылу рәсімдері және т.б.»-, деді Е.Бейсенбаев.

🔗Толығырақ: https://amanatpartiasy.kz/news/news-detail/291061?lang=kz

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий