✔️ ДОСТЫҚ ШАҒЫН АУДАНЫНДА КӘРІЗ ЖҮЙЕСІНІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРУДЕ

Loading

 

 

Қаратау ауданына қарасты Достық шағын ауданында 9 мыңға жуық тұрғын қоныстанған. Бір мектеп, үш балабақша, медицина және учаскелік полиция бекеті жергілікті халық игілігіне қызмет етеді. Бүгінде шағын ауданда кәріз жүйесінің құрылыс жұмыстары қызу жүруде.

 

💡100% жекеменшік жүйедегі электр жарығын пайдалануда, мемлекеттік электр жарығымен қамту жұмыстарын биыл аяқтап, пайдалануға беру жоспарлануда.

 

🚰 ауыз сумен толық қамтылған.

 

🔥 табиғи газбен қамту құрылысы аяқталып, қосуға дайын тұр. (АГРС-3 нысаны іске қосылғаны күтілуде)

 

🕳️ кәріз жүйесі құрылысы жүруде, жыл соңында аяқтау жоспарланған.

 

🌐 биыл жеке инвестор есебіне антенна-мачталық құрылғы және «Kcell» компаниясы тарапынан «Автоцон» маңына базалық станция орнатылады.

 

❗ жаңақұрылыс аумағындағы инфрақұрылым дүйесі жобасына енбеген 425 абонент ауыз сумен толық қамтылды; 

 

— сапалы электр жүйесін жүргізу жұмыстары атқарылуда, көше бойында электр бағаналары орнатылуда;

 

— көгілдір отынмен қамтамасыз ету мақсатында жобалау-сметалық құжаттамасын әзірлеуге тиісті мемлекеттік сатып алу процедуралары жүргізілуде.

 

🛣️ жол – 33,1 шақырымы асфальт, 23,3 шақырымы тас жол, 20,1 шақырым көше топырақ жол. 

 

2023 жылы – 14 көше, 2024 жылы – 8 көше, 2025 жылы – 13 көше асфальтталады. 

 

🚌 2 маршрут 15-17 минут аралықпен жүруде. 

  

45 ші маршрут 16-19 минут аралықпен жүруде.

 

52 ші маршрут 21-27 минут аралықпен жүруде.   

 

150 ші маршрут 10 минут аралықпен жүруде.

 

🎇 Биыл «Алтын өлке» және «Бірлік» көшелері 

2023 жылы – 2 көше, 2024 жылы – 2 көше, 2025 жылы – 2 көше жарықтандырылады.

 

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий