✔️ АҚЖАЙЫҚТА10 БАЛАЛАР ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНУДА

 

Биыл қаладағы Ақжайық шағынауданында 8 шақырымды құрайтын 16 көшеге жөндеу жүргізіліп, 3 көшеге кешкі шамдар орнатылады. Бұл туралы қала әкімі Қаратау ауданы тұрғындарымен өткен кездесуде айтылды.

Ақжайықта қазір 4 мыңға жуық тұрғын үй бар. Үйлердің басым бөлігі жеке сектор, 35-і көпқабатты үй. Бүгінде елді мекенде 3 мектеп пен 12 балабақша бар.

Шағынаудан электр жарығы, ауыз су және табиғи газбен толық қамтылған.

Өткен жылы 8 балалар ойын алаңшасы мен 2 спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілген. Биыл 10 спорт алаңшасының құрылысы жүргізілуде.

Ықшам ауданда жалпы 72 көше болса, оның 48-і асфалттанып, 24 көшеге шағал тас төселген. 2022 жылы 16 көше, 2023 жылы №1,2,3,4 және 8,9 көше, Астық, Көкшетау, Зеңгі ата көшелері жөнделеді. Ал, 2024 жылы Айнала, Әулие ата, Торғын және атауы жоқ екі көшеге жөндеу жүргізу жоспарланып отыр.

Бүгінде ауданда 8 көше жарықтандырылған. Биыл Балқарағай, Асфендияров көшесі жарықтанса, 2023 жылы Байсбаев пен Қарасай, 2024 жылы Спанов пен Уали ата көшелеріне кешкі шам орнатылады.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Төрайым Султанова

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий