№1 қалалық емхана бойынша мәлімдеме  

Loading

 

  ШЖҚ «1 қалалық емхана» МКК, Тауке хан даңғылы 35 үйде орналасқан. Халық саны – 45802. 26 жалпы тәжірибелік участок, 2 терапиялық участок қызмет жасайды. 2020- 2021 жылдары күрделі жөндеуден өтті.

2020-2021 жылдары Ковид-19 пандемиясы кезінде емханада қарқынды жұмыс атқарылды. Ковид-19 ауалы-тамшылы жолмен берілетін вирустық ауру. Клиникалық белгілері дене температурасының көтерілуі, дененің қақсауы, әлсіздік, мұрын бітелуі, тамақ ауруы және жөтел, дәм, иіс сезбеумен қатар құсу, іш өту сияқты белгілерімен жүреді. Біздің емхана лас және таза аймаққа бөлінеді. Лас аймақ, яғни фильтр кабинетте Ковид-19 клиникалық белгілерімен келген науқастарды дәрігер қабылдап, сол жерден ауыз – жұтқыншақтан ПТР тест алынады. Емханада 9 мобильді бригада қызмет жасайды. Пандемия кезінде барлығы 9 МБ жұмыс атқарды. Олар үйге Ковид- 19 белгісі бар науқастарға шақыртумен барады, үйден ПТР тест алады. Және де жақын қарым — қатынаста болғандар мен үйде бақылаудағы Ковид-19 науқастарға телефон шалу арқылы, видеообзвонмен телефон шалу арқылы бақылауға алынған. 2021 жылы емхана бойынша жалпы тексерілген ПТР саны- 19835. Ковид-19 ауырған науқастар саны – 1360. Ауруханада емделген – 378, үйінде – 982. Симптомсыз – 240, симптоммен – 1120. Жақын қарым- қатынаста болғандар- 22488. Жүкті әйелдер – 23, балалар – 296.

Емханада күрделі жөндеуден өткеннен кейін келесі медициналық жабдықтармен қамтамасыз етілген:

— Маммографическая система МХ-600ТОО — «Лабтроник» — Республика Корея;

— Система ультразвуковая диагностическая — ТОО «Дал Казахстан» — Республика Корея;

— Флюорограф цифровой с рентгенозащитной кабиной Проскан-2000 — ТОО «Medica Trade» – Россия;

— Регистратор комбинированный для амбулаторного мониторирования АД и ЭКГ по Холтеру — ТОО «Лабтроник» – Венгрия;

— Аппарат отоакустической эмиссии Аудио-смарт — ТОО «Artemisia Medical Group» – Россия;

— Цифровая диагностическая рентгенографическая система GXR 52 SD — ТОО «Medica Trade» — Республика Корея.

 

 

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий