
Түркістан облысының адами әлеуетті дамыту басқармасы ММ 17 мамыр мен 21 мамыр аралығында «Үздік педагог-2021» республикалық конкурсының 2 кезеңі (облыстық) өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қатысуға өтінімдер конкурс Ережесіне сәйкес 2021 жылғы. 04 мамырдан 10 мамырға дейін қабылданады. Конкурстық материалдың толық құжаттар пакеті 2021 жылдың 13 мамырына дейін ұсынылады.
Негіздеме: Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 16 қаңтардағы №12 бұйрығымен бекітілген «Үздік педагог» атағын беру қағидалары ( 2020 жылғы 23 сәуірдегі №157 бұйрыққа өзгеріс енгізілді).
АК ақпарат