ҚҰРСАЙДАҒЫ АУЫЗ СУ ҚҰРЫЛЫСЫНЫҢ 40 ПАЙЫЗЫ АЯҚТАЛДЫ  

 

Абай ауданына қарасты Құрсай елді мекені тұрғындарын сапалы ауыз сумен қамту құрылысы жалғасып жатыр.

 

Бүгінде Құрсай елді мекені ауыз суды кесте бойынша тұтынып отыр. Аталған мәселені шешу мақсатында өткен жылы құрылыс жұмысы басталған болатын. Бүгінде қазба жұмыстарының 40 пайызы аяқталып, 90 шақырымға жуық су құбыры тартылған. 

 

2022 жылдың соңына дейін құрылыс жұмысы толық аяқталып, Құрсай елді мекеніндегі 11 мыңнан астам тұрғын сапалы ауыз сумен қамтылады. 

 

Сондай-ақ, Құрсай елді мекені тұрғындары үшін күрделі мәселелердің бірі – табиғи газ және сапалы электр қуаты мәселелері.

 

Қазіргі уақытта аталған инфрақұрылым жүйелерін тарту мақсатында ЖСҚ әзірлеу үшін бюджеттен қаржы қаралып, мемлекеттік сатып алу конкурсы жүргізілуде. 2022 жылдың соңына дейін жобалау жұмыстары аяқталып, құрылыс жұмыстары 2023 жылы басталатын болады. 

 

Сонымен қатар, 2022 жылдың соңына дейін Құрсай елді мекеніндегі Сатканбаев, Еркіндік, Жетіжар, Макталы көшелері жарықтандырылатын болады.

 

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий