ҚР СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ АГЕНТТІГІНІҢ ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІ ЖАҢА 7 КӘСІПТІК СУБЪЕКТТІ

Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың 2018 жылдың 5-ші қазанындағы ҚР халқына Жолдауындағы: Сыбайлас жемқорлықпен белсенді күресудің жалғасуы туралы тапсырмасына сәйкес, Кәсіпкерлікті сыбайлас жемқорлық көріністерінен қорғау және жұмыс істеуіне жан –жақты қолдау көрсету мақсатында «Түркістан – адалдық алаңы» жобалық кеңсе аясында «Рrotecting business and investments» жобасы қолға алынып, жүзеге асырылуда.

Жобаның мақсаты – кәсіпкерлік субъектілеріне жан-жақты мемлекеттік қолдауды қамтамасыз ету, инвестицияларды тарту және инвестициялық
климатты жақсарту.

Жобаға қатысуға қызығушылық танытқан инвесторларға Қазақстан аумағында аптасына 7 күн, тәулігіне 24 сағат сыбайлас жемқорлық деректерінен 100% қорғауға кепілдік беріледі.

Қазіргі таңда ҚР Сыбайлас жемқорлық қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша департаментімен жалпы сомасы 647 млрд. теңгені құрайтын 58 бизнес субъектісі сүймелдеуге алынған.

Мемлекет басшысының Қазақстан халқына арнаған жолдауында бизнесті заңсыз әкімшілік қысымнан және қылмыстық қудалау қауіпінен қорғауды арттыра түсу керектігін атап өткен болатын.

Осыған байланысты, алдағы уақытта кәсіпкерлерді әкімшілік кедергілерден қорғау үшін, өңірдегі барлық инвесторлар мен және отандық бизнесмендерді «Protecting Business and Investments» жобасы аясында келісімшартқа отыруға шақырамыз!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий