
Сенатор Н.Бекназаров Шымкент қаласына іс-сапары барысында жаңа сайланған Қоғамдық кеңес мүшелерімен және қалалық Мәслихат депутаттарымен кездесуде Парламент қабырғасында қаралып, қабылданып жатқан заңдардың маңызыдылығы мен өзектілігіне тоқталып, қоғамдық кеңес жұмысымен танысып, алдағы конституциялық реформа мәселелерін бірге талқылады.
Аталған талқылауға қатысушылар еліміздің ата заңының 33 бабына енгізілетін 56 толықтырулар бойынша қойылған сұрақтарына жауаптар алып, бірауыздан қолдайтынын білдірді.
«Еліміздің Конституциясына енгізілетін өзгерістер демократиялық жаңарулар мен ел дамуындағы маңызды реформаларды жүзеге асыруға бағытталған. Сондай-ақ алдағы республикалық референдумның тарихилығын ескере отырып, маңызды саяси шараға белсенді қатысуға шақырамын», — деді Сенатор.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжанов Бақытжан Серікжанұлы.