ҚАЛА ӘКІМІ ӘКІМШІЛІК-ІСКЕРЛІК ОРТАЛЫҚТАҒЫ 9 ҚАБАТТЫ ҮЙЛЕРДІҢ ҚҰРЫЛЫС АЛАҢЫНДА БОЛДЫ

Шымкент қаласындағы Әкімшілік-іскерлік орталықта 9 қабатты 56 пәтерлі тұрғын үйлердің (№41, №42, №43, 46, №47, №48 тұрғын үйлер) құрылысы жүргізілуде. Қала әкімі Мұрат Әйтенов аталған көпқабатты үйлердің құрылыс алаңына барып, құрылыс сапасын бақылады.

Құрылысқа жауапты мердігер мекеме – «Югстройсервис-Н» ЖШС. Мердігер мекеме құрылысы 2019 жылы басталған нысанды биыл маусым айында аяқтауды жоспарлап отыр.

Пәтерлердің жалпы ауданы – 9 345,33 шаршы метр.
Қала әкімі жауапты мердігерге құрылысты сапалы орындауды және тиісті мерзімде тапсыруды міндеттеді.

Сонымен қатар, әкімшілік-іскерлік орталықтағы 9 қабатты сегіз тұрғын үйдің инженерлік инфақұрылым құрылысы қатар жүргізілуде. Мердігер мекеме – «СМУ «БУРВОДСТРОЙ» ЖШС және «Гео Нұр Құрылыс» ЖШС.

Мұрат Дүйсенбекұлы аталған инфрақұрылым жүйелерінің құрылысын аралап көрді. Жауапты мердігерлер нысандардың құрылысын 2021 жылдың шілде айында аяқтауды жоспарлауда.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий