
Шымкент қаласының «Сайрам» тұрғын алабында 300 орындық мектептің құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Қала әкімі құрылысы өткен жылы наурыз айында басталған әлеуметтік нысанның құрылыс барысын бақылады.
Жауапты мердігер мекеме — “Жаңа Арна 2002” ЖШС. Жобаның сметалық құны — 1 020 553,0 мың теңге.
Құрылысты жаңа оқу жылының басталуына дейін аяқтау жоспарланған.
Сонымен қатар, қала әкімі тұрғын алаптағы 120 орындық қосымша оқу корпусы құрылысының барысын да аралады .
Нысан құрылысы “А.Р.Т.-Құрылыс” ЖШС тарапынан жүргізілуде. Мердігер мекеме
құрылысты биыл тамыз айында аяқтауды жоспарлап отыр.
АК ақпарат