Қаланың техникалық құрылысы бойынша

 

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ мен Шымкент қаласы әкімдігі ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды. Қол қою рәсіміне «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов пен қала әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков қатысты.

Меморандум аясында
«Нұрлы жер» мемлекеттік бағдарламасы бойынша Шымкент қаласындағы тұрғын үй қорын реновациялауды жүзеге асыру келісілді.

Мақсат — тозығы жеткен тұрғын үйлердің меншік иелерін тұрғын үй қорын жаңарту арқылы жаңа пәтерлермен қамтамасыз ету.

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ бұл орайда мемлекеттік қолдау шараларын әзірлеуге және инвесторлармен бірлесе тығыз жұмыс жүргізуге ниетті.
Ең бастысы ескі үйлер міндетті түрде егелерінің келісімдерімен сүріліп, орнына жаңа үйлердің құрылысы жүргізіледі. Тұрғындар уақытша баспанамен қамтылып, тұрғын үйлер толығымен пайдалануға берілген соң баспаналарына қайта қоныстана алады немесе тең пәтер қарастырылады.

-Тұрғындардың қауіпсіздігі үшін ескірген үйлерді сүріп, қайта салу қажеттігі туындап отыр. Тозығы жеткен үйлерді бұзу бағдарламасы – бұл тұрғындарға ешбір шығынсыз өз үйлерін жаңарту мүмкіндігі. Жылжымайтын мүлік нарығында бағасы төмен ескірген тұрғын үйлер сүріліп, тұрғындары жаңадан бой көтерген үйлерге қайта қоныстануға мүмкіндігі бар. Ең бастысы олардың келісімдерімен тұрғын үйлері апатты күйге түспей тұрып көшіріп алуымыз қажет,-деді Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Ерғали Білісбеков.

Реновация бағдарламасын іске асыру кезінде азаматтардың өмір сүруіне қолайлы орта құру, оның ішінде аумақты абаттандыруға, көше-жол желісін, тұрақ кеңістігін, қасбеттік аймақ жанындағы аяқжолдарды төсеу, көгалдандыру көзделеді.
Нәтижесінде шаһардың сәулетіне де сән келеді.

Бүгінде қаланың техникалық зерттеу қорытындысы негізінде 107 көппәтерлі тұрғын үй тозығы жетіп, бұзуға
ұсынылған. Өткен ғасырдың 30-шы жылдары соғылған үйлер бүгінде апатты жағдай алдына Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Аширбаев Байкен Аширбайұлы

 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий