
2022 жылдың 1-тоқсанындағы көрсеткіш бойынша қала спортшылары спорт түрлері бойынша Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысып, 208 алтын, 175 күміс, 212 қола медаль жеңіп алды. Жалпы 595 медаль.
2022 жылдың 1-тоқсанында өткен Азия чемпионаттарында қала спортшылары 16 алтын, 8 күміс және 16 қолаға қол жеткізсе (жалпы 40 медаль), осы уақыт арасында Әлем чемпионаттарында 1 алтын, 1 күміс және 1 қола (жалпы 3 медальға ие болды.
2022 жылдың 1-тоқсанының қорытындысы бойынша 2 ҚР Еңбегі сіңген спорт шебері, 17 халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 69 Қазақстан Республикасының спорт шебері, 117 спорт шеберіне үміткер спортшылар дайындалды.
Сондай-ақ, 2022 жылдың І-тоқсанында Шымкент қаласында спорт түрлері бойынша әр түрлі жас ерекшеліктері арасында 12 спорт түрінен қала чемпионаттары өткізілді. Өткізілген чемпионаттарға барлығы 1517 спортшы қатысып, Шымкент қаласының құрама командалары жасақталды. Күнтізбелік жоспарға сәйкес қала құрама командалары сапында ел чемпионаттарына қатысуда.
Қаламызда қаңтар-наурыз айларында 15 спорт түрлерінен Қазақстан Республикасының чемпионаттары өтті. Аталған іс-шараларға Қазақстанның барлық өңірлерінен 6000-ға жуық спортшылар мен жаттықтырушылар қатысты.
Шымкент қаласының спортшылары жас ерекшеліктеріне сәйкес ұлттық құрама сапында ММА-дан Әлем чемпионатына бокс, таэквондо, байдарка және гандболдан Азия чемпионаттарына және қаламыздың құрама командасының спортшылары 42 спорт түрінен Қазақстан Республикасының чемпионаттарына қатысты.
Нәтижесінде:
— Әлем чемпионатында жалпы 1 алтын, 1 күміс, 1 қола медаль;
— Азия чемпионаттарында 16 алтын, 8 күміс, 16 қола медаль;
— Қазақстан Республикасының чемпионаттарында 208 алтын, 175 күміс, 212 қола медальға қол жеткізді.
Сонымен қатар, көркем гимнастикадан күні кеше 8-10 сәуір күндері София қаласында (Болгария) өткен Әлем Кубогында спортшымыз Таниева Элжана булава жаттығуынан қола жүлдені жеңіп алды.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлы