ҚАЛАМЫЗДАҒЫ ЖОЛ СЫЗЫҚТАРЫ ТҮНГІ УАҚЫТТА СЫЗЫЛУДА

Loading

 

«AMANAT» партиясының фракция мүшесі, Шымкент қалалық мәслихат депутаты ретінде халықты хабардар ететін болсам,
🚧қаламызда көлік қозғалысына кедергі келтірмеу мақсатында жол сызықтары түнгі уақытта сызылуда. Бүгінгі түнгі жұмыстар барысында:
— Бақбаев көшесінің жол сызықтары;
— Тайманұлы көшесінде орналасқан мешіт тұсындағы жаяу жүргінші өткелі;
— Әділбек Керімше және Аманқұлов көше қиылыстарындағы жаяу жүргінші жолы;
— Рысқұлбеков-Мәделі қожа көшелері қиылысындағы бағдаршамды жаяу жүргіншілер өткелі;
— 1 мамыр көшесінің Театральная және Жарқынбеков көшелері аралығы жаңартылды.

Шымкент қаласында биыл 450 шақырым көшенің жол таңбалары жаңартылып, сызылатын болады. Оның ішінде 250 шақырымы термопластиктен, ал қалған 200 шақырымы акрильді бояумен сызылады. Жалпы бүгінге дейін 50 шақырым көшенің жол сызықтары жаңартылды.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжанова Бақытжан Серікжанұлы.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий