ҚАЛАЛЫҚ АҚПАРАТТЫҚ-АҒАРТУШЫЛЫҚ ШТАБЫНЫҢ МҮШЕСІ КОЛЛЕДЖ ҰЖЫМЫМЕН МАҚСАТТЫ ЖИЫН ӨТКІЗДІ

Loading

Бүгін парасаттылық мәдениетін дәріптеу мақсатында «Шымкент-адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің басшысы Ж.Қамбар және ақпараттық-ағартушылық штабының мүшесі Б.Нарымбетова энергетика және байланыс колледжінің ұжымы мен студенттерімен кездесті.
Жиынға қатысушылар бүгінгі күні парасаттылыққа негізделген қоғамды құруда сыбайлас жемқорлыққа қарсы білім көзін алуды мектеп қабырғасынан бастауға баса назар аударылып келе жатқандығынан хабардар етті.
Штаб мүшесі Бейсенкүл Нарымбетова атадан қалған асыл құндылықтарды дәріптеу арқылы жемқорлықтың алдын алу – бүгінгі күні мемлекет саясатының басым бағыттарының бірі екендігін жеткізді. Сондай-ақ, ол саналы ұрпақты тәрбиелеудегі оқытушылардың рөліне тоқталып, кез-келген жағдайда адамгершілік, әділдік құндылықтарынан бас тартпауға, жемқорлықпен күресті әр азамат өзінен, отбасынан бастау қажеттігіне тоқталды.
«Саналы ұрпақ» жобасы аясында өткен жиында Жани Қамбар қатысушыларды сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында атқарылып жатқан жұмыстардың барысы және заңнамалық өзгерістермен таныстырды. Колледж басшылығына жемқорлықтың алдын алу тұрғысынан лауазымды тұлғалардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша шаралар қабылдамағаны үшін жауапкершілігі жеткізілді.
Кездесу соңында сыбайлас жемқорлық көріністеріне тап болған жағдайда хабарласуға мүмкіндік беретін Агенттіктің 1424 Call-орталығының қызметі хабарланып, жемқорлықтың алдын алу және адал қоғамды қалыптастыру бойынша ұсыныстар айтылды.
Айта кетейік, осы тұрғыдағы кездесу қалалық политехникалық колледжінің қызметкерлерімен де өтті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий