ҚАЗЫҒҰРТ МӨЛТЕК АУДАНЫ ИНТЕРНЕТПЕН ҚАМТЫЛУДА

Loading

 

Бүгін, басқарма басшысы Әсет Әбдіраханов жұмыс барысымен Абай ауданына қарасты Қазығұрт мөлтек ауданында болды.
Қазығұрт мөлтек ауданының тұрғындарын сапалы интернетпен қамтамасыз ету мақсатында жеке инвестор «СпецавтоматикаСервис» ЖШС арқылы талшықты оптика желісін жүргізу жұмыстары атқарылуда.
Осыған орай, басқарма басшысы инвестормен кездесіп, атқарылып жатқан жұмыстардың жай-күйімен танысты.
Жоспар бойынша, тиісті жұмыстар екі ай көлемінде аяқталып, тұрғындарға сапалы және жоғары жылдамдықтағы интернет қолжетімді болмақ.

Тұрғындар назарына:
Жоғары жылдамдықтағы интернет желісіне қосылу үшін +7 705 783 06 80 байланыс нөмірі арқылы өтінім қалдыруға болады.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Аширбаев Байкен Аширбайұлы.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий