Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп саласы

Қазақстандағы жеңіл өнеркәсіп саласы

Өнеркәсіп өнімінің көлемі 2021 жылғы қаңтар-қыркүйек айларында 555,8 млрд.теңгені немесе 2020 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 106,5 пайызды құрады.
Бұл кен өндірісінің 37,6 пайызға, өңдеу өнеркәсібінің 5,0 пайызға, электр, газ және бу беру саласы 10,0 пайызға, сумен жабдықтау 50,1 пайызға өсуі есебінен қалыптасты.
Өңдеу өнеркәсібінде мұнай өңдеу өнімдерін өндіру 3,0 пайызға (ПКОП), тоқыма бұйымдарын өндіру 2,1 пайызға (СЭЗ, Бал Текстиль, Назар Текстиль, Азала-Текстиль, Азала-Котон), сусындар өндіру 11,1 пайызға (Шымкентпиво, Рауан, Визит), негізгі фармацевтикалық өнімдер 14,8 пайызға (Химфарм), химия өнеркәсібіндегі өнім көлемі 57,5 пайызға (сабын (Шымкентмай), спирт (Таупродукт)), дайын металл бұйымдарын өндіру 28,4 пайызға (Gold Aluminium, КЭММ 2030), машина жасау 50,9 пайызға (Электрокомплект-1, Казэнерго-1, Asia Trafo) артты.
Қазақстан Республикасының индустриялық-инновациялық дамытудың 2020-2025 жылдарға арналған мемлекеттiк бағдарламасының өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында
2021 жылы жалпы құны 39,9 млрд. теңгеге 754 жаңа жұмыс орындарымен 17 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Бүгінгі таңға 12,6 млрд.теңгеге 5 жоба іске қосылып, 385 жұмыс орны ашылды.
1. «Шымкент химиялық компаниясы» ЖШС (І кезең) – Метил-трет бутил эфирі мен полипропилен өндірісі. Құны – 11 000 млн.теңге. Қуаттылығы жылына – 80 000 тонна. 150 жұмыс орны.
2. «SAGITEX GROUP» ЖШС – Іш киім бұйымдарының өндірісі. Құны – 334 млн. теңге. Қуаттылығы жылына – 85 мың бұйым. 20 жұмыс орны.
3.«ПК «АГФ Групп» ЖШС II – Конвейерлі лек пен қолданбалы материалдар өндірісінің тігін фабрикасы. Құны – 550 млн. теңге. Қуаты – 2 млн. бұйым жылына. 100 жұмыс орны.
4.«Абдуманап» ЖК – Құрамында резина бар қалдықтарды қайта өңдеу зауытын салу және құм композициясы полимерінен бұйымдар өндіру. Құны – 245 млн. теңге. Қуаттылығы – жылына 1645 тонна. 60 жұмыс орны.
5.«GREEN CROSS ECO» ЖШС – Медициналық мақсаттағы бұйымдар өндірісі. Құны – 500 млн. теңге. Қуаты – 500 мың дана ИФА жиынтығы. 55 жұмыс орны.
Қалада 426 га аумақта «Оңтүстік» және «Тассай» индустриялық аймақтары жұмыс істеуде. Аймақтарда құны 135,0 млрд.теңге құрайтын, 7 мыңға жуық жұмыс орнымен қамтылған 131 жобаны жүзеге асыру жоспарлануда. Оның ішінде 91,0 млрд.теңгеге 94 жоба іске қосылып, 5 мыңнан аса жұмыс орны ашылған.
225 га аумақта «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағы жұмыс істеуде. Бұл жерде құны 125,0 млрд.теңгені құрайтын 51 жобаны іске асыру жоспарлануда. Оның ішінде құны 53,9 млрд.теңгені құрайтын 26 жоба жүзеге асырылып, 2,4 мың жаңа жұмыс орны ашылды. Ағымдағы жылы 11,3 млрд. теңгеге 2 жоба іске қосылып, 170-ке жуық жұмыс орындары ашылды.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжанов Бақытжан Серікжанұлы.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий