ІСКЕР ҚАЛА ІС ШАРАСЫ ТУРАЛЫ

 

Шымкент қаласында шағын және орта кәсіпкерлікті дамыту үшін мемлекеттен 4 бағыт бойынша қолдау көрсетіледі. Бұл жұмыстарға 2022 жылға 15,6 млрд. теңге қаржы бөлінген, оның ішінде республикалық бюджеттен – 12 млрд. теңге, жергілікті бюджеттен – 3,6 млрд. теңге.

«Бизнестің жол картасы-2025» бизнесті қолдау мен дамытудың мемлекеттік бағдарламасы шеңберінде биылғы жылға 9,3 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 1 515 жобаға 1 466,3 млн. теңгеге қолдау көрсетілді

«Қарапайым заттар экономикасы» бағдарламасы шеңберінде осы жылға 3,9 млрд. теңге бөлінген. Бүгінгі таңда 74 жобаға 1 062,1 млн. теңгеге қолдау көрсетілді.

«Жұмыспен қамту жол картасы» бағдарламасы шеңберінде 2022 жылға 1 500,0 млн. теңге бөлінген. Аталған бағдарлама бойынша 143 жобаға қолдау көрсету жоспарлануда. 2022 жылдың 1 тоқсанының қорытындысы бойынша 674,5 млн. теңгеге 65 жоба шағын несиелер берілді.

«Іскер қала» іс-шара жоспары аясында биылғы жылға «Даму» қорымен бірлесіп жалпы 944 млн. теңге бөлінген. Іс-шара аясында 113,7 млн. теңгеге 12 жоба қаржыландырылды.

Бұл бағыттағы жұмыстар жалғасатын болады.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Рашкуль Оспаналиева.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий