Эпидемиологиялық жағдай

 

Қалада коронавирус індетіне қарсы ем қабылдау бойынша 763 төсек-орын жасақталып тұр. Эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына байланысты қалада 25 тамыздан бастап стационарларда 3027 төсек-орын және жаңсақтау бөлімінде 369 төсек-орын жабылды.
Дәрі-дәрмекпен қамту
Шымкент қаласының тауарлар мен көрсетілген қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау Департаменттің аудандық басқармаларымен бірлесіп, 4 мониторингтік топ құрылды. Мониторинг барысында дәріханада жоқ дәрілердің орнына баламаларын ұсыну және оларға бағаны негізсіз өсірмеу туралы ескертілді.
«ХимФарм» кәсіпорны және «Зерде-Фито» фармацевтикалық компаниясымен қаладағы дәріханаларға үздіксіз дәрі-дәрмек жеткізу жұмыстары жүргізілуде.
Бірыңғай дистрибьютор арқылы 26,8 млрд.теңгеге дәрі-дәрмектер мен медициналық бұйымдар жеткізілді.
2021 жылы денсаулық сақтау саласына материалдық-техникалық базамен қамтуға 6,3 млрд. теңге қарастырылған.
178 бірлік медициналық техника, оның ішінде маммографтар, зертханалық жабдықтар, ангиографтар, цитология, ультрадыбыстық диагностика аппараттары, медициналық-генетикалық зертхана сатып алу жоспарлануда.
Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Рашкуль Оспаналиева.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий