ШЫҢҒЫС МҰҚАН ТӘУЕЛСІЗДІК АЛҒАН ЖЫЛЫ ҚҰРЫЛҒАН МЕКТЕПТІҢ «СОҢҒЫ ҚОҢЫРАУ» ШАРАСЫНА ҚАТЫСТЫ

Шымкент қаласының әкімінің бірінші орынбасары Шыңғыс Мұқан 1991 жылы негізі қаланған Ы.Алтынсарин атындағы №65 мектептің «Соңғы қоңырау» салтанатты іс – шараcына қатысты. Бітіруші түлектерді құттықтаған қала басшысының бірінші орынбасары даңғыл жолға қадам басқан болашақ азаматтарға ақ жол тіледі.

«Ел аумағында қалыптасқан карантиндік шектеулер білім саласына әсер етіп, дәстүрлі жүйе онлайн форматқа ауысты. Дегенмен, мұғалімдер мен оқушылар жаңа жүйеге жылдам бейімделіп, жақсы көрсеткіштерге қол жеткізді. Онлайн білім беру бойынша Шымкент үздіктер қатарынан көрінді. Мұны – ұстаз бен шәкірт арасында болған бекем байланыстың жемісі, деп білемін. Сіздерді алдағы арман-мақсатына жететін, ел игілігі үшін еңбек ететін нағыз Отаншыл азаматтар болады деп сенемін. Баршаңызға ақжол тілеймін!»,-деді әкім орынбасары.

Тәуелсіздік алған жылы құрылған бұл мектеп 2012 жылдан бері Назарбаев Зияткерлік мектептерінің іс-тәжірибесін енгізген 35 базалық білім ұйымының бірі. Білім ошағы қаладағы үздік және үлгілі мектептердің бірі болып табылады.

Айта кетейік, биылғы 2020-2021 оқу жылында 11-сыныпты 9 342 оқушы, 9-сыныпты 16 267 оқушы бітірді. Оның ішінде «Алтын белгіге» үміткерлер саны – 513 болса, «Үздік аттестатқа» үмікерлер саны – 415 оқушы.

Шымкент қаласындағы мектептерде өткен «Соңғы қоңырау» шарасы бетперде және әлеуметтік қашықтық режимі, тағы басқа санитарлық талаптар қатаң сақтала отырып, ашық алаңда өткізілді. Сонымен бірге бітірушілердің бір ғана ата-анасының қатысуы қадағаланды.

Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий