Шымкент қаласы мәслихатының әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы төрағасының атқарған жұмыстарының ЕСЕБІ

  1. Шымкент қаласы мәслихаттың әлеуметтік-мәдени даму мәселелері жөніндегі тұрақты комиссиясы өз жұмысын 2021 жылы қаңтар айынан бастады.
    Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін-өзі басқару туралы» Заңын, қала мәслихатының регламентіне және комиссияның жұмыс жоспарын жетекшілікке ала отырып, өз құзіретінің шегінде атқарып келеді.
    Тұрақты комиссияның 2021 жылға арналған жұмыс жоспарына сәйкес, қала әкімдігі мен қала мәслихатының сессияларына ұсынылған маңызды мәселелері бойынша тұрақты комиссия тұжырымдама жасап, Шымкент қаласы мәслихатының сессияларымен қоса 21 мәжіліс өткізді. Сонымен қатар, мәслихаттың сессиясында қарауға мына төмендегі мәселелерге шешім жобалары дайындалды. Атап айтқанда:
    1. Шымкент қаласында денсаулық сақтау саласын дамыту шаралары туралы.
    Аталған мәселе бойынша, денсаулық сақтау басқармасына қолданыстағы заңнамаға сәйкес:
    — қала тұрғындарына тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемін алу құқықтарның іске асырылуын, саламатты өмір салтын ынталандыру жөнінде іс-шаралар кешенін ұйымдастырылуын қамтамасыз етіп, медициналық көрсетілетін қызметтердің сапасын арттыру бойынша шаралар қабылдасын;
    — ауруханалар мен емханаларды сапалы дәрі-дәрмекпен қамтамсыз етуді, тұрғындарға тегін медициналық көмек көрсетуді, оның ішінде әлеуметтік мәні бар аурулардың профилактикасын және емделуін ұйымдастырылуын қамтамасыз етсін;
    — төтенше жағдай-корновирустық инфекция кезінде тегін медициналық көмек көрсетуді, дәрілік заттармен және медициналық бұйымдармен қамтамсыз етуді ұйымдастырсын;
    — қала бойынша ана және нәрестелер өлім-жітімі, жалпы өлім-жітімді төмендетуге арналған кешенді іс-шара жүргізіп, орындалуын қамтамасыз етсін, деген ұсыныстар айтылды.
    2. Халықтың әлеуметтік осал топтарын қолдау және оңалту шаралары туралы.
    Бұл мәселе бойынша жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасына, қолданыстағы заңнамаға сәйкес:
    — Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасына қарастырылған 2021 жылға арналған іс-шараларының орындалуын қамтамасыз етсін;
    — атаулы әлеуметтік көмекке өтініш білдірген азаматтардың өтініштері уақытылы қаралып, тағайындалған жағдайда қаржысының төленуін қамтамасыз етсін;
    — мүгедектігі бар азаматтарды бекітілген жоспраға сәйкес жұмсыпен қамту жұмыстары жүргізілсін, деген ұсыныстар берілді.
    3. Шымкент қаласында мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім берудің сапасын арттыру шаралары туралы.
    Аталған мәселе бойынша білім басқармасына да бірнеше төмендегі ұсыныстар берілді:
    — Шымкент қаласының 2021-2025 жылдарға арналған даму бағдарламасында білім саласына қатысты көрсеткіштердің орындалуын қамтамсыз етсін;
    — апатты, үш ауысымды және ыңғайластырылған мектептер бойынша өзекті мәселені жою мақсатында білім беру ұйымдарының инфрақұрылымын дамытуды қаматамасыз етсін;
    — басқармаға қарасты техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында еңбек нарығында бәсекелестікке бейім мамандар мен жұмысшыларды даярлау және олардың біліктілігін көтеру бойынша жұмыстар жүргізсін.
    Шымкент қаласы мәслихатының кезектен тыс сегізінші сессиясының күн тәртібінде «Шымкент қаласында мектептер мен мектепке дейінгі білім беру ұйымдарында білім берудің сапасын арттыру шаралары» мәселесі қаралды, осыған орай тамыз айында комиссия мүшелері қаламыздағы бірқатар мектептердің жаңа оқу жылына дайындығы барысын зерделеп қаладағы бірқатар білім мекемелерін аралады. Зерделеу барысында білім мекемелері ғимараттарының жаңа оқу жылына дайындығын, санитарлық-эпидемиологиялық шараларының сақталуын оның ішінде күнделікті термометрия, кварцтау, желдету, дезинфекция және маска режимдерімен жаңа оқу жылын бастауға дайындықтарымен танысып, қорытындысы бойынша сын-ескертпелер айтылды.
    Тұрақты комиссия жоғарыда аталғандардан басқа қала мәслихатының сессиясына енгізілетін өзге де мәселелерді алдын-ала қарауды жүзеге асырды.
    Сондай-ақ, тұрақты комиссия төрағасы мен мүшелері қала мәслихатының шешімімен бекітілген кеңестер мен дербес құрамдар және қала әкімдігінің сұраныс хатымен комиссиялардың құрамында болып, қызмет атқарып келеді.
    2021 жыл кезеңінде тұрақты комиссия төрағасы мен мүшелерінің азаматтарды қабылдау кестесі және өтетін орны туралы бұқаралық ақпарат құралдарында және мәслихаттың интернет сайтында жарияланған болатын. Жеке қабылдауға келген сайлаушылардың тарапынан түскен өтініштердің сипаты негізінен әлеуметтік, тұрмыстық, коммуналдық және жол мәселелері болып табылады. Осы мәселелердің шешімін табуда тұрақты комиссияның төрағасы және мүшелері белсенді жұмыс жасап, мәселенің басым бөлігін әр депутат құзырына сәйкес депутаттық сауалдарын тиісті органдарға және лауазымды тұлғаларға жолдап, оң шешімін тапты.
    2021 жылдың 8 айында комиссия құрамындағы депутаттар тарапынан жергілікті атқарушы органдарға 37 депутаттық сауал жолданылды. Аталған сауалдарда қала инфрақұрылымы мәселесі (газ, су, электр жарығы т.б), әлеуметтік сала, жол салу, коммуналдық шаруашылық саласы секілді мәселелер көтерілді.
    Сонымен қатар, тұрақты комиссия депутаттары жергілікті жерлерде халықпен 56 ауқымды кездесулер өткізді және кездесу барысында халықтың өтініштері ашық айтылып, қанағатанарлықтай жауап алынды.
    Тұрақты комиссия депутаттары 28 жеке қабылдау өткізіп, 117 азаматтардың өтініштері тыңдалып, 80 азаматтың өтініштері шешіліп, 37 азаматтардың өтініштеріне заң аясында түсіндірме берілді.
    Тұрақты комиссия мүшелері қала аумағында болып жатқан мерекелік және қайырымдылық шараларына тұрақты түрде қатысып халықтың рухани дамуына да өз үлестерін қосуда.

    Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Аширбайев Байкен Аширбайұлы.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий