ШЫМКЕНТ: ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТАН САҚ БОЛЫҢЫЗДАР!  

 

Бүгін Ақпараттық-коммуникациялығы орталығында Интернет-алаяқтық қылмысының алдын алуға бағытталған іс-шаралар бойынша өткен баспасөз брифингте Шымкент қаласының Полиция департаменті бастығының жедел істер жөніндегі орынбасары, полиция полковнигі Арман Арун-Рашидұлы қала тұрғындарын интернет алаяқтықтан сақ болуға шақырды.

 

Баспасөз мәжілісінде, полковник қазіргі таңда өзекті болып отырған интернет-алаяқтықтың түрлеріне де тоқталып өтті.

 

«Интернет-алаяқтық қылмыстарының басым көпшілігі банк саласындағы операциялар, жалған абоненттік нөмірлерді емін-еркін пайдалану, микроқаржылық ұйымдардың жұмысымен және тауарлық несиелерді рәсімдеу және оны алумен тікелей байланысты болып отыр, — деді А.Бейсенбаев.

 

— Фишинг (қолданушылардың жеке деректерін пайдалану) жолымен алынған ақшалай қаражаттарды банк есепшоттарына аудару, түрлі транзакциялар жасау және банкоматтардан қолма-қол шешіп алу кезінде алаяқтық әрекеттер көптеп орын алуда. 

 

 Сонымен қатар, қала бойынша тіркелген интернет-алаяқтық қылмыстарында белгісіз нөмірлерден соғылған қоңыраулардың барлығында ауыспалы нөмірлер (подменный номер) немесе бір реттік нөмірлер (одноразовый номер) қолданылуда.

 

Алаяқтар микроқаржы ұйымдардың сайтына кіріп, басқа біреудің жеке деректерін пайдалана отырып, онлайн түрде несие алуға сұраныс жолдай алады. Осы ретте микроқаржы ұйымдары ұсынылып отырған банк есепшотының сұраныс тастаған тұлғаға тиесілі екеніне көз жеткізбей, несие рәсімделіп жатқан азаматтың орнына берілген өзге азаматтың есепшотына қаражатты түсіруде. 

 

Осыған байланысты, микроқаржы ұйымдарына верификация сатыларын қатаңдатып, яғни верификацияның алгоритмін алдын ала біліп отыруды шектеп, оны сол несие рәсімделіп жатқан сәтте өзгеріп отыратындай жасап, арнайы вэб-камералар арқылы онлайн растау немесе басқа да жолдарды енгізу қажет,- деді.

 

Брифинг соңында полковник микро қаржы ұймдарына ақшалай қаражат аударылатын есепшоттың нақты өзіне тиесілі екенін тексеріп қана аударым жасауы қажет деп ұсыныс білдірді.

 

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий