ШЫМКЕНТ: ЖОЛ ЖҰМЫСТАРЫ ҚАРҚЫН АЛУДА

Loading

 

 

Шымкент қаласының жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы Назарбеков пен Байдібек би көшелері қиылысын ретке келтіруде.

 

Аталған жол жұмыстары сәуір айынан басталған. Дендросаябақ маңынан Н.Назарбеков көшесінің қиылысына дейінгі Бәйдібек би даңғылының бір бағыты көктемгі жауын-шашыннан жарамсыз күйге түсіп, жолдың жылжуы байқалған. Осыған орай, жөндеу жүретін бөлікті 1 тәулікке жауып, жолдың жылжыған жиегін қайта қалпына келтіріп, қосымша бөгет жасалған.

 

Жол құрылыс жұмыстарына жауапты мердігер мекеме «ДостықСпецТранс» ЖШС.

 

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий