
Шымкентте велосипед спортымен айналысатын спортшылар үшін жаңа кәсіби велосипедтер сатып алынды.
Барлығы 86 кәсіби велосипед сатып алынды, оның ішінде:
Велосипед (тас жол) — 51 дана.
Велосипед (маутинбайк) — 29 дана.
Велосипед (трек) — 6 дана.
Шымкент қаласының №2 олимпиадалық резервінің мамандандырылған балалар мен жасөспірімдер спорт мектебінің спортшылары бүгін ресми түрде жаңа спорттық құрал-жабдықтарды алады.
Спорт мектебінде спорттың 3 түрі дамуда: жеңіл атлетика, велоспорт және президенттік көпсайыс. Шұғылданушылар саны 676 оқушы, оның ішінде 23 Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер және 10 спорт шебері бар, спортшыларды 49 жаттықтырушы даярлайды.
Велосипед спорты — олимпиадалық спорт түрі болып табылады.
Қазіргі уақытта Қазақстанда велоспорттан төрт ұлттық құрама команда ұйымдастырылды:
1. тас жолдағы Велосипед спортынан
2. велосипед спорты бойынша тректе
3. маунтинбайк бойынша (арнайы трассада тау велосипедтерімен жарыс)
4. әйелдер құрама командасы.
Аталған іс-шараның мақсаты Қазақстан Республикасында, сондай-ақ Шымкент қаласында велосипед спортын дамыту және танымал ету болып табылады.
Марапаттау рәсімінде Шымкент қаласы әкімінің орынбасары Исахов Мақсұт Пернебайұлы қатысып, спортшыларды құттықтады.
АК ақпарат