ШЫМКЕНТТІК ОҚУШЫЛАР РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДАДА 48 МЕДАЛЬ ИЕЛЕНДІ

Loading

Елімізде 9-11 сынып оқушыларына арналған жалпы білім беретін пәндер бойынша Республикалық олимпиаданың төртінші кезеңі өз мәресіне жетті.

Республикалық кезең Шымкент қаласындағы U-STUDY тестілеу орталығында электронды форматта «Бір оқушы – бір компьютер – бір камера» қағидасы негізінде өткізілді.

Олимпиада Oqylyq.kz платформасындағы прокторинг жүйесі арқылы ұйымдастырылып, оған еліміздің барлық өңірінен 2070 оқушы қатысты.

Білім бәйгесінің академиялық адалдығын «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының өкілі Гүлжан Турсынбекова мен Шымкент «Адалдық алаңы» жобалық кеңсесінің жетекшісі Бижан Сәдибеков бақылады.

Олимпиада қорытындысы бойынша шымкенттік 9 оқушы — І орын, 14 оқушы –ІІ орын және ІІІ орынды – 25 оқушы иеленді.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Рашкуль Оспаналиева.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий