ШЫМКЕНТТЕ ЭКОНОМИКАНЫҢ НЕГІЗГІ САЛАЛАРЫ ДАМЫП КЕЛЕДІ

 

 

Шымкентте 2 жылдың ішінде өнеркәсіп өнімінің көлемі 190,4 млрд. теңгеге артқан. Бұл көрсеткіш 2019 жылы 579,6 млрд. теңге болса, 2021 жылдың қортындысы бойынша 770 млрд. теңгеге жетті. 

Үшінші мегаполисте экономиканың өзге салаларында да айтарлықтай өсім байқалған. Аталған мерзім аралығында ауыл шаруашылығы өнімінің көлемі 12,9 млрд. теңгеге (31,2 млрд. теңгеден 44,1 млрд. теңгеге), инвестиция 265 млрд. теңге (195 млрд. теңгеден 460 млрд. теңгеге), ал, құрылыс көлемі 42,4 млрд. теңгеге (87,6 млрд. теңгеден 130 млрд. теңгеге) артқан. 

Бүгінгі таңда қалаға инвестиция тарту бойынша белсенді жұмыс жүргізіліп жатыр. Нақты айтар болсақ, 2020-2025 жылдар 3,6 трлн. Теңге инвестиция тарту жоспарланған. Ол үшін 328 инвестициялық жобадан тұратын базасы жасақталды. Бұл жаңадан 20 мыңнан аса жұмыс орнын ашуға мүмкіндік береді.

Айта кетейік, соңғы екі жылда құны 200 млрд. теңгені құрайтын 85 инвестициялық жоба іске асырылған. Оның ішінде Өңірлік кәсіпкерлікті қолдау картасы аясында жалпы құны 53,8 млрд. теңгені құрайтын 37 жоба іске қосылған. Сондай-ақ, 9 жобаға шетелден 36,8 млрд. теңге инвестиция тартылған. Нәтижесінде жаңадан 4 500 жұмыс орны ашылған.  

Бүгінде Шымкент қаласының аумағында «Оңтүстік» және «Тассай» индустриялық аймақтары жұмыс істеуде. Соңғы екі жылда аталған индустриалды аймақтарда 16 кәсіпорын іске қосылды. Оған 230,9 млрд. теңге инвестиция тартылған. Аталған зауыт-фабрикаларда 910 адам еңбек етеді. 

Сонымен қатар осы мерзім аралығында «Оңтүстік» арнайы экономикалық аймағында 9 кәсіпорын, ал, көліктік-логистикалық аймақта 1 кәсіпорын жұмысын бастаған. Бұдан басқа қалада жаңадан 2 индустриалды және 2 агроиндустриалды аймақтарды ашу қолға алынған. Екі жылда агроөнеркәсіп кешенін дамыту мақсатында 19,4 млрд. теңгеге 34 инвестициялық жоба іске асырылды. Сөйтіп агросекторда 576 жұмыс орны пайда болды.   

Шымкентте соңғы екі жылдың ішінде шағын және орта бизнесті қолдау бойынша да көп жұмыс істелген. Мысалы, жұмыс істеп тұрған шағын және орта кәсіпкерлік субъектілерінің саны 69 мыңнан 75,5 мыңға дейін көбейді. Қазір бұл секторда 168 мың адам еңбек етуде. 

Аталған мерзімде «Бизнестің жол картасы-2025» мемлекеттік бағдарламасы аясында 3 493 жобаға 12,7 млрд. теңгеге қолдау көрсетілген. «Қарапайым заттар экономикасы», «Мен кәсіпкер боламын» және «Іскер қала» атты бағдарламалар да сәтті жүзеге асып жатыр.

 

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий