ШЫМКЕНТТЕ САЙЛАУДЫ ҰЛТТЫҚ ҰЛАН БАСТАДЫ

Шымкенттегі №89 сайлау учаскесінде Президент сайлауы таңғы сағат 06:00-де басталды. Ұлттық ұланның офицерлер құрамы мен сарбаздары алғаш болып сайлауға қатысып, өз таңдауларын жасады.

Айта кету керек, бүгін 6506 әскери бөлімінде сарбаздардың басым бөлігі Қазақстан Республикасының президентінің сайлауына алғаш рет қатысып отыр.

– Мен Тараз қаласында туып-өстім. Отан алдындағы борышымды өтеу үшін әскер қатарына өткен жылдың көктемінде шақырылдым. Отанымыздың болашағына бей-жай қарай алмаймын. Алдағы уақытта елге қызмет етсем деймін. Мемлекеттің саяси өміріне белсенді араласу да елге қызмет етудің бір түрі деп білемін, – деді 6506 әскери бөлімінің сарбазы Сәтібек Мейрамбек.

Учаскелік сайлау комиссиясының төрағасы Нүркеш Сартбайдың айтуынша, бүгінгі сайлаумен 6 сарбаздың туған күні қатар келіп отыр. Оларға әскери бөлім басшылығы атынан азын-аулақ сыйлық әзіргенген.

Бұл әскери бөлімде орналасқан сайлау учаскесінде 815 сайлаушы тіркелген. Сарбаздар ала таңмен дауыс беріп тастап, қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз етуге кірісті.

«Шымкент келбеті»
Фото – Серік Қосаев

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий