ШЫМКЕНТТЕ КӨҢІЛДІ ТАПҚЫРЛАР ОЙЫНЫ ӨТТІ

Бүгін Шымкентте ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына және күлкі күні қарсаңында қалалық әзілқойлар мен тапқырлар сайысының «Маусымашар-2021» ойыны өтті. Оған қаладағы жоғары және орта арнаулы оқу орындарының студенттері мен ең белсенді жастарынан құралған 30-дан аса команда қатысты.

Екі жыл үзілістен соң «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің ұйымдастыруымен өткен жайдарманның маусымы «Өзгерістер маусымы» деп аталады. Көңілді тапқырлар клубының әзіл кешіне жайдарман ойындарының жүргізушісі Есен Елеукен қатысып, жеңімпаздарды марапаттады.

Қызықты да тартысты өткен сайыс қала тұрғындарына керемет көңіл-күй сыйлады. Ойын қорытындысы бойынша жайдарман сайысының жеңімпаз командалары анықталып, оларға қала әкімдігінің арнайы допломы мен естелік сыйлығы, қаржылай сыйлықтар табысталды.

Төрешілердің шешіміне сәйкес, бірінші орын мен 300 мың теңге «Аты жоқ» командасына бұйырды. Ал, екінші орын мен 200 мың теңге «Миллион» командасы иеленді. Сонымен қатар үшінші орын мен 150 мың теңге сыйлыққа «Капитан» командасы лайықты деп танылды.

Еліміздегі пандемияға байланысты бүгінгі әзіл кешіне 100-ге жуық көрермен қатысты. Іс-шара барлық санитариялық талапқа сай өтті.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий