ШЫМКЕНТТЕ КӘСІПКЕРЛЕР ЕСЕБІНЕН 14 БАЛАБАҚША АШУ ЖОСПАРЛАНҒАН

 

Шымкент қаласында 526 мектепке дейінгі білім беру ұйымы бар. Қазіргі таңда 2 871 кезекші топта 41 199 (70,3%) бала тәрбиеленуде. Шымкентте демографиялық өсімге сәйкес жаңа балабақшалар ашу қажеттілігі бар. Осыған орай, биыл жеке кәсіпкерлер есебінен 1600 орындық 14 балабақша ашу жоспарланған.

Қаңтар айынан бастап жан басына қаржыландыру құны әр балаға 37 527 теңге болып белгіленіп, қосымша қаржы қаралды. Өткен жылы 28 350 теңге болған.

Сонымен қатар, жан басына қаржыландыру жүйесі аясында бюджет қаражатын жинақтау, әлсіз деңгейдегі балабақшаларды сапалы балабақшаларға теңестіру мақсатында балабақшаларды біріктіру арқылы класстерлер құру көзделіп отыр.

АК ақпарат 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий