
Бүгін Түркістан облысы, Шардара ауданында «Тәуелсіздік кезеңінде қалыптасқан қосымша білім беру үрдісі» атты республикалық семинар өтіп жатыр.
Мақсат — қосымша білім беру саласындағы идеологияның негізгі бағыттарын көрсету және Шардара ауданындағы патриоттық рухқа негізделген жекеменшік-мемлекеттік әріптестіктің жаңаша тәсілдерін насихаттау.
Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығын мерекелеу қарсаңында Тәуелсіздіктің барлық бағыттары мен негізгі жетістіктерін кеңінен көрсету бағытындағы бұл республикалық аймақтық семинарды Шардара ауданы адами әуелетті дамыту бөлімі ұйымдастырып отыр.
Бұл шараға көршілес Шымкент, Жамбыл, Қызылорда облыстарынан сондай-ақ, аудандық, қалалық адами әлеуетті дамыту бөлімдерінің басшылары, тиісті мамандармен қоса, 90-ға жуық адам қатысуда. Дәл қазіргі сәтте семинарға қатысушылар қолөнер көрмесін тамашалап, оқушылардың өлең оқып, ән шырқауына тәнті болды. Мұннан соң,
балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне бас сұғып, спортшы мамандығына баулитын жаттықтырушылармен жүздесті.
Семинар соңы концертке ұласты.
АК ақпарат