«ХИМФАРМ» ШАҒЫН АУДАНЫНДА 3 ОЙЫН АЛАҢШАСЫ САЛЫНАДЫ

Loading

 

 

«Химфарм» шағын ауданында 9 мыңнан аса тұрғын тұрады. 1 мектеп, 1 балабақша, 1 емхана, 8 аула, 1 спорт алаңшасы бар. 

 

Шағын аудан электр, ауыз су, табиғи газ, интернет желісімен толығымен қамтылған. Кәріз жүйесі 30 пайызға шешілген. Биыл жұмыстарды жалғастыру үшін «Су Ресурстар-Маркетингі» ЖШС-мен бірлесіп зерделеу жұмыстары жүргізілуде, ЖСҚ әзірлеу жоспарлануда. құрылыс-монтаж жұмыстарын жүргізу келер жылға жоспарлануда. Бұл туралы бүгінгі қала әкімі М.Әйтеновтің Әл-Фараби ауданы тұрғындарымен кездесуінде айтылды. 

Аумақта екі көше (Ерметов, Баян батыр) асфальтталмаған. Ол мәселе 2023 жылы шешімін таппақ. 

 

10 көше жарықтандырылған болса, 3 көше жарықтандыруды қажет етеді. Бұл жылы Бөгет және Ақбастау көшелері, 2024 жылы Суриков көшесіне жарықшамдар қою жоспарға енген. 

 

Сонымен бірге, биыл көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларына 3 балалар ойын алаңшасы (Суриков көшесі №1-1а; Суриков көшесі №5 – Суворов көшесі №6; Суворов көшесі №2-4) «Халық қатысатын бюджет» бағдарламасы аясында орнатылатын болады.

 

№16, 96, 146 қоғамдық көліктері қатынайды. Қоқыстарды тазалау жұмыстары «СпецАвтоТранспорт» ЖШС тарапынан аптасына 1 рет жүзеге асады. 

 

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий