ТҰРҒЫНДАР МӘСЕЛЕЛЕРІ ТЫҢДАЛДЫ

Шымкент қаласының әкімі Мұрат Әйтеновтің шағынаудан тұрғындарымен кездесулері жалғасуда. Шаһар басшысы бүгін Республика даңғылы мен Ә.Жангелдин көшелері аумағының тұрғындармен жүздесіп, атқарылған жұмыстардан және алдағы жұмыс жоспарынан хабардар етті.

Аталған аумақ электр жарығы, ауыз су, табиғи газбен және кәріз жүйесімен толық қамтылған. Шағынаудан аумағында жалпы 9 көпқабатты тұрғын үйде мүлік иелерінің бірлестігі жұмыс істеуде. 123 көпқабатты тұрғын үйде жай серіктестік құрылып, аталған аумақтағы көпқабатты тұрғын үйлер 100 % жаңа басқару жүйесіне көшті.

2012-2021 жылдар аралығында 22 көпқабатты тұрғын үйлердің шатыры, сыртқы қасбеті, кіре беріс алаңы және инженерлік жүйелеріне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. 2022 жылы 5 көпқабатты тұрғын үйлердің шатыр, кіре беріс алаңы мен жертөлесіндегі инженерлік жүйесіне күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу үшін Тұрғын үй басқармасына ұсынылды.
Республика даңғылы №19, 29 үйлер, Жангелдин көшесі №18 мектепке дейін ішкі орамдық көшелерді жарықтандыруға ұсыныс берілген.

Айбергенов көшесі №1 Г көпқабатты тұрғын үйдің лифтілерінің тозығы жеткен. Қазіргі таңда «Нұрлы жер» бағдарламасы аясында лифтілерді ауыстыру және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізу бойынша тұрғындарға түсіндіру жұмыстары атқарылуда.

Республика даңғылы мен Ә.Жангелдин көшелері аумағы 57 (87,7 %) балалар ойын алаңшасы орнатылған. Қала әкімі 2022 жылы Жангелдин көшесі №32, 12, 18, Молдағұлова көшесі №2, Айбергенов көшесі №2, Әл-Фараби алаңы №10 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына балалар ойын алаңшасы орнатылатынын атап өтті.

Сонымен қатар, 2021 жылы шағынаудан аумағында 7 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына спорт алаңшасы салынып, пайдалануға берілді. Оның ішінде 6 спорт алаңшасы бюджет есебінен орындалды. 2023 жылы 4 көпқабатты тұрғын үйдің ауласына спорт алаңшасын орнату жоспарлануда.

Кездесуде тұрғындар қауіпсіздік мәселесін, тәуліктік пәтер жалға берушілердің жұмысына тоқтам салу бойынша шағымдарын айтты. Қала әкімі бұл бағытта тиісті жұмыстар атқарылатынын атап өтті. Өз кезегінде тұрғындар аулалардың абаттандырылуы, жарықтандыру бойынша атқарылған жұмыстарға ризашылық білдіріп, қала әкіміне алғыстарын жеткізді.

АК ақпарат

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий