Тұран шағын ауданы — сапалы инфрақұрылым жүйелерімен қамту

Loading

 

Қазіргі уақытта Тұран шағын ауданында сапалы электр қуаты, кәріз, табиғи газ және жол құрылысы жүргізіліп жатыр.

Тұран шағын ауданындағы электр жүйелерінің құрылысы өткен жылы басталған. Бүгінде жұмыстардың 40 пайыздан астамы аяқталды. Жыл соңына дейін тұрандықтар сапалы электрмен қамтылады.

Сондай-ақ, Тұран шағын ауданындағы магистралды кәріз жүйесі құрылысының 50 пайыздан астамы аяқталған. Магистралды кәріз құбырын тарту құрылысы 2022 жылдың соңына дейін аяқталады.

Ал, ішкі орамдық кәріз жүйесінің 5 пайызға жуығы аяқталған. Ішкі орамдық кәріз жүйесінің құрылысы 2023 жылға өтпелі.

Сонымен қатар, Тұран шағын ауданда №1, №3, №4, №5, №7, №9, №10, №11, №12 барлығы 9 көшенің құрылысы жүргізіліп жатыр.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Төрайым Султанова.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий