ТҮРІК АСХАНАСЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ

Loading

Ғасырлар бойы бабадан балаға мирас болған түрік дәстүрінің бірегейі – түрік асханасы әлемге танымал. 21-27 мамыр арасында өтетін Түрік асханасы апталығы ондаған өркениет пен кең ауқымдағы бай география мен тарихты қамтиды.


Түрік асханасы апталығы шеңберінде UNESCO Шығармашылық қалалар желісінің шешімімен, биыл “Әлемнің 26-гастрономиялық қаласы” атанған Хатайдың аймақтық тағамдарына басымдық беріледі. Аталған апталықты Түркия республикасының Мәдениет және туризм минисирлігі тарапынан басқарылады. Түркияның дипломатиялық миссиялары Жер шары бойынша әртүрлі нысандар мен әлеуметтік желілерде Хатай асханасы туралы түрлі шаралар ұйымдастырылады.

Тамырын ежелгі заманнан тартқан, тұрақты даму үстінде болған, денсаулыққа пайдалы Хатай тағамдарының дәмін татумен бірге олардың құрамы, қалай дайындалатыны жайлы да мол мағлұмат алады. Сонымен қатар түрік кофесі, түрік шайы, рахат-локумынан апта бойы қонақтар дәм татады.

Жоғары сапалы зәйтүн майы, дәнді-дақыл, көкөніс, жеміс-жидек, түрлі өсімдік пен дәмдеуіштер қосылатын Хатай асханасы бұрыш қосылған нан, зәйтүн салаты, кәуап, күнефе сияқты тағамдарымен танымал.

https://turkishcuisineweek.com/homepage

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий