ТҮРКІСТАН: ТҮЛКІБАС АУДАНЫНДА ҚҰРЫЛЫС САЛАСЫ ҚАРҚЫНДЫ

Түркістан облысының журналистері Түлкібас ауданына пресс-турмен барып, аудандағы құрылыс саласымен танысты. БАҚ өкілдері алдымен медицина саласы қызметкерлерінің мерекесі қарсаңында ашылған «Дәрігерлер аллеясы» мемориалына аялдады. Онда тұрғындардың демалып, бой сергітуі үшін 500 шаршы метр аумаққа ыңғайлы орындықтар, түнгі жарықтандыру шамдары орнатылған. Сондай-ақ, 70-ке жуық арша, ақ қайың көшеттері отырғызылып, шым егілген. Аллея ортасынан дәрігер мен медбике ескерткіші бой көтеріп, «Дәрігерлерге мың алғыс!» тақтайшасы орнатылған.

Кейін журналистер күрделі жөндеу жұмыстары жүріп жатқан аудандық ауруханаға аялдады. Медициналық орталықтағы перзентхана, неврология және гинекология бөлімдері жөндеуден өтіп жатыр. Ғимараттардың есік терезелері мен едені толығымен ауысып, ішкі және сыртқы әрлеу жұмыстары мен электр, су жүйелері толығымен жаңартылады. Сыртқы бөлігі жел мен жаңбырға төзімді арнайы жабындымен қапталып, пандус мәселесіне де көңіл бөлінген.
Ал, құрылысы жуырда аяқталған жаңа арбатқа кешкі уақытта келіп демалушылар қатары күн санап артқан. Демалыс аймағына 2 субұрқақ, 8 тербелмелі үлкен әткеншек, сапалы орындықтар орнатылған. Сондай-ақ, мәдениет үйімен жапсарлас орталық саябаққа түнгі жарықшамдар балалар ойнайтын аттракциондар және жалпы көпшілікке арналған спорттық алаңша (воркаут) қойылды. Саябақ ішінде талшын, емен, қарағай, ерен, үйеңкі, шырша ағаштары отырғызылған.
 
АК ақпарат
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий