ТҮРКІСТАН: САЙРАМДА 20 ШАҚЫРЫМҒА ЖУЫҚ ЖОЛ ОРТАША ЖӨНДЕУДЕН ӨТУДЕ

 
Түркістан облысы Сайрам ауданындағы облыстық маңызы бар КХ-38 «Әсіларық-Көлкент-Манкент шипажайы» автомобиль жолының 18,7 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Нысанның жөндеу жұмыстары келесі жылға өтпелі. Жұмыс-өндірістік кестеге сәйкес, жолдың біршама бөлігінде асфальттың үстіңгі қабатын фрезалау, жарамсыз жол бөліктерінде асфальт жабынын бұзып, жол негізін қайта қалпына келтіру және екі қабат асфальт жабынын салу жұмыстары қарастырылған. Жұмыс сапасы — тапсырыс беруші облыстық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының және техникалық қадағалаушы «Оңтүстік жолдары» МКК, «Ұлттық жол активтері сапасы орталығы» РМК тарапынан тұрақты түрде бақылауға алынған.
АК ақпарат

 


Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий