ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА БИЫЛ САПАЛЫ ЖОЛДАРДЫҢ ҮЛЕСІ 92 ПАЙЫЗҒА ЖЕТЕДІ

Түркістан облысындағы автомобиль жолдары мен елді мекен көшелерінің жалпы ұзындығы — 17 466,4 шақырым. Облыстық және аудандық маңызы бар автомобиль жолдарының жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесі 2021 жылы 87%-ға жетсе, 2022 жылы 92%-ға жеткізу жоспарланып отыр. Бұл туралы брифингте Түркістан облыстық

жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Ролан Ибрагимов мәлімдеді.
Ал аталған индикатор көрсеткішін 2025 жылға дейін 99,5%-ға арттыру көзделген.
«2021 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен жалпы 2070,9 шақырым жол мен көшелер қамтылды. Ал «Ауыл – Ел бесігі» бағдарламасы аясында 2021 жылы 326,5 шақырым көше пайдалануға берілді. 2022 жылы құрылыс-жөндеу жұмыстарымен 1349,2 шақырым жол мен көшелерді қамту жоспарлануда. Облыстық маңызы бар автомобиль жолдарының бойында – 410 көпір орналасқан. Аталған көпірлердің 381 данасы жақсы және қанағатты жағдайда болса, 29 көпір жөндеуді қажет етеді», — деді басқарма басшысы.
Сонымен қатар, Түркістан облысында жалпы 349 тұрақты бағыт бойынша 1 264 қоғамдық көлік қызмет көрсетеді. Облыста 2021 жылы 110 қоғамдық көлік жаңартылды.
Ал Түркістан халықаралық әуежайы арқылы 2 халықаралық (Стамбул, Ташкент) және 10 республикаішілік әуе рейстері қатынауда. 2021 жылы әуежай арқылы 298 мың жолаушы тасымалданған. Одан бөлек, 2021 жылы жалпы 192 чартерлік рейстермен 835 адам тасымалданған.
АК ақпарат 
Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий