ТУРИЗМ САЛАСЫНДА ҚЫЗМЕТ ЕТУШІЛЕР НАЗАРЫНА!

 

Қазақстан Республикасы бойынша туризм саласында қызмет ететіндерге арналған мемлекеттік қаржылай қолдау тетіктері іске асуда. Сіз кәсібіңізге жұмсаған шығыныңыздың бір бөлігін қайтара аласыз. Ендеше, қолдау түрлерін назарларыңызға ұсынамыз.

 

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі ТАРАПЫНАН туристік бизнес өкілдеріне:

 

1. Шет елдік туристер үшін туроператорлардың шығындарын субсидиялау (15 мың тг);

2. Тау шаңғы курорты үшін құрал-жабдықтар алу бойынша шығындардың бір бөлігін өтеу (25 %);

 

ЖЕРГІЛІКТІ АТҚАРУШЫ ОРГАН тарапынан:

 

3. Туристік нысандар құрылысы шығындарының бір бөлігін өтеу (10%);

4. Жол бойындағы қызмет көрсету (опс) нысандары құрылысының бір бөлігін өтеу (10%);

5. Туравтобустарды сатып алуда шығындардың бір бөлігін өтеу (25%);

6. Санитарлық-гигиеналық торапты (әжетхана) күтіп ұстау шығынын субсидиялау (83 300 тг);

 

«KAZAKH TOURISM» ҰК» АҚ тарапынан:

7. Балалар әуебилетін субсидиялау бойынша (100%) қолдау көрсетілуде.

 

Қандай да жоғарыда айтылған қолдау түрлері сізді қызықтырса немесе қажет болса, сіздерге Шымкент қаласы туризм және сыртқы байланыстар басқармасы (WELCOME TO SHYMKENT🌷]) тарапынан толық ақпарат берілетін болады.

 

Қосымша ақпарат бойынша “Visit Shymkent” туристік ақпараттық орталығының байланыс нөмірлері: 8701 102 17 17, 8702 109 17 17

 

WELCOME TO SHYMKENT🌷]

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжанов Бақытжан Серікжанұлы

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий