Техникалық қадағалау — құрылыс саласындағы ең маңызды қызметтердің бірі болып есептеледі. 

Loading

 

 

Өйткені, техникалық қадағалаушы — құрылыс сапасын бақылап, орын алған мәселелерді тез арада реттеуге ықпал етеді.  

 

Осыған байланысты, бүгін қала тұрғындарын инфрақұрылыммен қамту бойынша құрылысы жүріп жатқан нысандардың техникалық қадағалаушыларын шақыртып, жиын өткіздім. 

 

Жиналыстың басты мақсаты – құрылыс сапасын арттыру, кемшіліктерді тез арада реттеу. 

 

Тұрғындар тарапынан келіп түскен арыз-шағымдар мен мамандар тарапынан анықталған мәселелер талқыланып, тиісті шаралар көрулерін тапсырдым. 

 

Жұмыс нәтижесі – менің бақылауымда болады.  

 

Қала тұрғындарына қолайлы жағдай жасау – біздің басты мақсат!

 

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Сейітжан Бақытжан Серікжанұлының парақшасынан.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий