СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНА ЖОЛ БЕРГЕНДЕРГЕ ТИІСТІ ШАРА ҚОЛДАНУ ҰСЫНЫЛДЫ

СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚБҰЗУШЫЛЫҚТАРЫНА ЖОЛ БЕРГЕНДЕРГЕ ТИІСТІ ШАРА ҚОЛДАНУ ҰСЫНЫЛДЫ

БІЛІМ ОРДАСЫ — ЖЕКЕ БАС ПАЙДАСЫН КӨЗДЕЙТІН ТАБЫС ТАБУ ОРНЫ ЕМЕС

Бүгін ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Түркістан облысы бойынша Департаменті басшысының бірінші орынбасары Н.Сәмет пен Облыстық адами әлеуетті дамыту басқармасы басшысының орынбасары Н.Нұрлыбаевтың және облыстағы арнаулы орта білім беру ұйымдары басшыларының қатысуымен сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтарды жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөнінде жиын өтті.

Кездесудің негізгі мақсаты — білім беру ұйымдарында сыбайлас жемқорлық деректерінің орын алуына жол бермеу және қоғам дертінің туындауына жол берген бірқатар азаматтарға тиісті шара қолдану.

Сыбайлас жемқорлықтың салдары мен себебі талқыланған жиында сөз алған Н.Сәмет соңғы жылдары білім беру саласы жемқорлық көріністері ең көп орын алып жатқан салалардың қатарында жүргенін және сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің туындауына негіз болатын себептер мен жағдайларды атап өтіп, Департаментпен жолданған Ұсыну бойынша тіркелген істің мән-жайымен таныстырды.

Жиын барысында Түлкібас агробизнес және саяхат колледжінің директоры мен бас есепшісі тексеруге келген тұлғаларға деп көрсетіп, ұжым қызметкерлерінен 30 мың — 50 мың теңгеден жинауды талап еткені туралы арызданушының арызымен қаралған қылмыстық іс бойынша ҚР Қылмыстық процестік Кодексінің 200-бабына сәйкес, қылмыстық бұзушылықтар және басқа да бұзушылықтар жасауға ықпал еткен мән-жайларды жою жөніндегі Ұсыну кеңінен баяндалды.

Өз сөзінде биылғы жылы жедел-тергеу бағытымен Департаментпен 96 қылмыс анықталғанын, оның 66-ы сыбайлас жемқорлық қылмыстары екендігін және соның ішінде, сыбайлас жемқорлық қылмысы бойынша 11 қылмыс тіркелген білім беру саласы көш бастап тұрғанын жеткізді.

Сондай-ақ, Департаментпен жүйелі түрде алдын-алу жұмыстары қарқынды жүргізіліп жатқанына және әріптестерінің басына түскен жауапкершілік жағдайына қарамастан, үйреншікті жемқорлық әрекеттерін әлі де жалғастырып жатқан лауазымды тұлғалар бар екенін тілге тиек етті.

Мақсатты кездесу соңында кейбір білім беру мекемесінің басшылары ұрпақ тәрбиесімен емес, жеке бас пайдасын көздеу арқылы жемқорлық көріністеріне жиі барып жатқанын ескертіп, жиынға қатысушыларды ар тазалығын биік ұстауға және ел игілігі жолында халыққа қалтқысыз қызмет етуге шақырды.

АК ақпарат 

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий