«СУ РЕСУРСТАРЫ-МАРКЕТИНГ» ЖШС БАС ДИРЕКТОРЫ ХАЛЫҚ АЛДЫНДА 2021 ЖЫЛҒА ЕСЕП БЕРДІ

Шара барысында Кәсіпорынның бас директоры Анарабек Орман 2021 жылы атқарылған жұмыстары туралы айтып өтті. Бұл-өндірістік қуаттарды жаңғырту, су құбыры және кәріз желілерін ауыстыру және қайта жаңарту, цифрландыру, тұтынушылармен жұмысты күшейту.
Есеп беру барысында кәсіпорынның бас директорына бірқатар сұрақтар қойылды, сұрақтарға толық жауап берді.

«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-інің 2021 жылы суды тарату желілері арқылы беру және сарқынды суларды бұру қызметтері бойынша жылдық есебіндегі басты назар аударатын мәліметтер.
«Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-мемлекеттік-жеке серіктестік шеңберінде қызмет көрсету нарығында 24 жыл табысты жұмыс iстеп келе жатқан кәсіпорын.

Компания Шымкент қаласы мен Сайрам ауданының бірқатар елді мекендерінде 1 млн. аса халықты шаруашылық-ауыз сумен үздiксiз қамтамасыз етеді және сарқынды суларды толық тазартумен су бұру бойынша қызметтер көрсетеді.

Кәсіпорын тиiмдi жұмыс жасайды. Көрсетілетін сумен жабдықтау және су бұру қызметтері есебiнен салыктын жыл сайынғы есептелген сомасы жылдық табыстың 15% шегінде құрайды. Құрылған сәттен бастап 2021 жылға дейін салыктын барлық түрлері бойынша 12,4 млрд. теңге есептелген.

Кәсіпорын 2009 жылдан бастап Халықаралық қаржы ұйымы — Еуропалық Қайта құру және даму банкімен (ЕҚДБ) сумен жабдықтау және су бұру жүйесін қайта жаңартуға және жаңғыртуға инвестициялар тарту бойынша жұмыс жасайды.

2009-2020 жылдары ЕҚДБ-мен 13 жыл мерзiмге жылдық 5,5% сыйақы мөлшерлемесімен жалпы сомасы 70,0 млн.доллар (15,4 млрд. теңге) 5 шартқа қол қойылды, олар толығымен игерілді. Кредиттік шарттың барлық талаптарын кәсіпорын мен банк уақтылы және сапалы орындайды. Бүгінгі таңда 11,4 млрд. теңге қайтарылды.

ҚР Үкіметі, ЕҚДБ және «Су ресурстары-Маркетинг» ЖШС-і арасындағы үш жақты шарт негiзiнде ЕҚДБ «Нұрлы Жол» бағдарламасы бойынша 4,6 млрд. теңге қарыз қаражатын бөлді.

2022-2026ЖЖ. ұзақ мерзімді кезеңге арналған жоспарлар

> 2022-2026 жылдары жалпы сомасы 13,2 млрд. теңге инвестиция салынады. 2022 жылы 7,4 млрд. теңге инвестиция салу күтілуде, оның ішінде ҚР Үкіметінің субсидиялары 2,0 млрд. теңге;

> Тазарту ғимараттарынын куатын тәулігіне 200 мың текше метрге дейін ұлғайтуды ескере отырып, тәулігіне 50 мың текше метрге қосымша тазарту ғимараттарының құрылысын салу;

> 4,4 млн.кВт.саг/жыл генераторын пайдалана отырып, электр энергиясын өндіру;

> 67 км су құбыры желелерi мен 7,3 км кәріз желілерін қайта құру;

> «Ақылды есептегіштерді» орната отырып, заңды тұлғалардың тұтынушыларында суды есепке алуды автоматтандыруды енгізу;

> Чат-бот Телеграмм көмегімен тұтынушыларға онлайн қызмет көрсетуді дамыту;

> Көп қабатты тұрғын үйлерді тұтынушылардың суды есепке алу аспаптарының көрсеткіштерін қашықтықтан алу технологиясын енгізу; Суды өндіру мен тұтынушыларға дейін тасымалдауға жұмсалатын электр энергиясы шығынының үлестік нормасын 0,058 кВт / м3 дейін төмендету; Нормативті-техникалық шығындарды 16,92% дейін төмендету;

Су құбыры желерінің тозу деңгейін 46,66% және кәріз желісін 76,98% дейін төмендету болып табылады.

Шымкент қалалық мәслихат депутаты, “AMANAT” партиясының фракция мүшесі Төреайым Султанова.

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий