Соңғы екі жылда Шымкентте 422 шақырым жол жөнделді.

Loading

 Қанағаттанарлық жолдардың үлесі екі жылда 57,4 пайыздан 63,6 пайызға артты. 2021 жылы Шымшаһардағы алғашқы жолайрық Рысқұлов пен Қонаев даңғылдарының қиылысында салынды. Биыл Бәйдібек би мен Арғынбеков даңғылдарының қилысында тағы бір жолайрық құрылысы басталды.

Әдетте медалдің екі беті болады. Бірінші бетін көрсеттік. Енді екінші бетін қарайық. 2020 жылы «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының жылжымалы зертханасы 249 нысанды 406 рет сараптамадан өткізген. 984 сынама талапқа сай болмай шыққан. Оның 141-і өрескел қателіктер екен. Нәтижесінде құны 24,300 млн. теңге болсатын асфальт мердігер мекеме есебінен қайта төселген.

Енді, 2021 жылғы сандарды сөйлетейік. Шымкент қаласында 2021 жылы жағдай біршама реттеле бастаған. 2021 жылы «Жол активтері ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалының жылжымалы зертхана тобы 196 нысанды, 351 рет сапартамадан өткізген. Керн алған, жолдың ұзындығы мен енін тексерген, жолдың су ағу еңістігін тексерген, тағысын тағы… Кемшіліктердің саны 446-ға жеткен. Бір жылда, яғни 2020 жылмен салыстырғанда 2021жылы жол құрылысы саласында орын алған кемшіліктер екі есе төмендеген.

Дегенмен қуануға ерте. Әлгі 446 кемшіліктің 51-і өрескел қателіктер екенін айтқымыз келеді. Нәтижесінде, мердігер мекемелер есебінен құны 53,2 млн. теңгені құрайтын, сапасы сын көтермейтін жол қайта жөндеуден өткен.

Қазіргі таңда «Жол автивтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК мердігерлер мекемелердің өңешіне қадалған «сүйек» секілді боп тұр. Қазір қырағы қадағалаудың арқасында мердігер мекемелер саннан, сапаға көше бастады. Бүгінде темірбетон материалдарын қадағалау 100 пайыз, жол белгілерінің оның ішінде жол белгілерін өндіру кезінде қолданылатын жарық қайтарғыш үлбірлер сапасын бақылау 100 пайыз жолға қойылды.
«Жол автивтерінің ұлттық сапа орталығы» РМК Шымкент қалалық филиалы 2022 жылы да жең түре іске кіріскелі отыр. Тек, Шымкент қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасы тарапынан «Жол автивтерінің ұлттық сапа орталығына» тиісті деңгейде қаржы бөлініп, қолдау болса, әрине!

Ad Widget

Recommended For You

About the Author: admin

Добавить комментарий